Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️
1️⃣ Ұлттық тестілеу орталығы тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты.
Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат орталыққа сілтеме жасап.
«Қазан айында біз ҰБТ-ға дайындық үшін тегін онлайн тестілеуді іске қостық.
Осы уақытқа дейін тестілеу 470 мың рет тапсырылған. Көптеген мектеп түлектері тест тапсырмаларымен танысты деп ойлаймын. Яғни, талапкерлерге биыл IT-мамандыққа түсу үшін міндетті болып табылатын «Математика-Информатика» пәндерінің комбинациясы қолжетімді. Сонымен қатар болашақ студенттер тест тапсырмаларының өзгертілген құрылымымен таныса алды. Енді біз базаны жаңартып, балалардың бас емтиханға дайындығын жақсарту үшін жаңа сұрақтар базасын ұсынып отырмыз», – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Еске салсақ, 21 қарашадан бастап ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін онлайн-сабақтар басталды.
Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүргізіледі. 📌
2️⃣ Қазақстанда жастардың саны бір күнде 3 миллионнан 6 миллионға дейін өсті.
Яғни, олардың жасын 35-ке дейін ұлғайтудың нәтижесінде бұл санатқа кіретін адамдардың саны 2 есеге артты.😍👍
Сенат жастар санатына кіретін адамдардың жасын ұлғайтуға арналған заңды қабылдады.
Құжатқа сәйкес, жастар санатына жататын қазақстандықтардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылып отыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің айтуынша, осы шараның нәтижесінде Қазақстанда жастардың саны бірден екі есеге жуық өсті.
Министр бұл сан мемлекеттік органдардың стратегиялық құжаттарында ескерілетінін жеткізді.
Ресми мәліметке сәйкес, 2022 жылдың басында жастар саны (14-28 жас) 3 741 083 адам болған.
3️⃣ Алматыдағы Көктөбеде ыңғайлы жаяу жүргіншілер жолы салынады.
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев хабарлады. Ол тұрғындармен кездесуде «Көктөбе» саябағында қала тұрғындары мен қонақтары жол жиегімен жүруге мәжбүр болып жатқанын айтты. Соған байланысты бұл барлық жол қозғалысына қатысушыларға қолайсыздықтар мен қауіп тудыратынын атап өтті.
«Тұрғындардың өтініштерін ескеріп, келесі жылдың III тоқсанында жаяу жүргіншілерге арналған сауықтыру жолы салынады.
Енді келетін адамдардың саны да артатын болды!🔥🔥🔥