Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Қазақстанда рөлі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынды.
«Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» порталында жарияланған индустрия және құрылыс министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес Қазақстанда алты айға рөлі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынды.
Министрліктің хабарлауынша, бұйрық «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 17 және 18-баптарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес қабылданған.
«Рөлі оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдерді Қазақстан Республикасның аумағына бөлшектелген түрде алты ай мерзімге әкелуге тыйым салу енгізілсін», — делінген құжатта.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
1. Мемлекеттік кірістер комитетіне шекара қызметімен өзара іс-қимыл кезінде осы мәселе бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;
2. Темір жол және су көлігі комитеті мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ға тыйым салуды қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы;
3. Сауда және интеграция министрлігіне Еуразиялық экономикалық комиссиясын тыйымның енгізілгені туралы хабарлау қажеттілігі туралы хабардар етуі тиіс.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 16 қаңтардан бастап кұшіне енеді.
Жаңа заң күшіне енді👍
2️⃣ Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа өтінімдер қабылдау басталды.
Қазақстан Республикасының 2024 жылғы Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығына байқау жарияланды. Өтініштер мен жұмыстарды қабылдау 1 наурызға дейін жалғасады.
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық Қазақстан мәдениетінің дамуына ерекше құнды үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы көрнекті еңбектері үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдіктерге беріледі. Шартқа сәйкес, сыйлыққа жұмыстарды ұсынуды мемлекеттік органдар, шығармашылық одақтар мен топтар жүзеге асырады. Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейін бес жылдан аспайтын уақытта және кемінде бір жыл бұрын (2024 жылдың 1 наурызына дейін) көпшілік айналым үшін орындалған бір автордың немесе авторлар ұжымының жұмыстары (бір жұмыс) ұсыныла алады. Байқауға қатысу ережелерімен және жұмыстарды тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесімен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтынан танысуға болады.
Сіз де бағыңызды сынап көріңіз!📌
3️⃣ Қазақстандық теннисші Анна Данилина Оклендте өткен турнирде бесінші WTA титулын жеңіп алды.
Қазақстандық Анна Данилина Оклендте (Жаңа Зеландия) өткен WTA 250 турнирінде екі разрядта жеңіске жетті.
Ол Словакиядан Виктория Хрунчаковамен дуэт ойнады.
Финалда Анна мен Виктория американдық Бетани Маттек-Сандс пен Чех Мария Боузкованы жеңді- 6:3, 6:7(5), 10:8. Ойын бір сағат 50 минутқа созылды.
Бұл WTA-дағы Аннаның бесінші жұптық кубогы. Ол бұған дейін турнирлерде: Сидней (WTA 500), Гамбург (WTA 250), Варшава (WTA 250), Гданьск (WTA 250) жеңіске жеткен.
Бұған дейін WTA 500 финалында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте екінші орын алған Беларусь Арина Соболенконы жеңген болатын.
Турнир соңында Елена Рыбакина үздік үштіктің қатарына қайта оралды, ол дүйсенбіде ресми түрде жарияланады.
Құтты болсын!👏🏻