Күн жаңалықтары

Автор: редактор 20 марта, 2022


🟢 Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Аян Қайырбек зорлық-зомбылықты ескертетін «UmaiAsar» мобильді қосымшасын ойлап тапты.🔥

Бұл бағдарламаны қолдану үшін Android жүйесі қажет болады.

Ал сен жүктеп үлгердің бе?

🟢 Қазақстандық таэквондошы Самирхон Абабакиров Белгияда өткен Belgian Open G2 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол 58 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.

Таэквондошыны жеңісімен құттықтаймыз! 👏🏻

🟢 Қазақстанда Наурыз есімді 1453 адам тұрады. Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, осы есімді 1417 ер адам, 36 әйел адам бар екен. Ал өткен жылы жаңа туған 17 сәбиге Наурыз есімі берілген.

Арамызда Наурыз есімді қыздар мен жігіттер бар ма?