Күрес, Ауыз су, Сенбілік. 19 қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 19 Қазан, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан әлемдік рейтингте көш бастады.

«Жаңартылған рейтингте еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынға шықты», – деп жазды Kazsporttv.rz. ақпарат порталы.

Сондай-ақ әйелдер күресінде Жәмилә Бақбергенова (72 келі) жаңартылған рейтингте үздіктер көшін бастады.

Құтты болсын!✊🏻👏🏻

2️⃣ Қазақстанда 450 мыңнан астам адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Жобалар Ақмола, Алматы, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асырылуда.
Хабарламада 158 елді мекенде жұмыс жүргізілетіні көрсетілген. Жұмыстарды аяқтау мерзімі 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Ведомствоның хабарлауынша, 2021-2022 жылдары Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 7 нысан пайдалануға берілді. Жалпы саны 203 мың адам тұратын 51 ауылда және Сәтбаев, Макинск, Жезқазған қалаларында 800 километрден астам су құбыры желілері салынып, сумен жабдықтау сапасы жақсартылды.

34 жобаның нәтижесінде осындай ережелер жүзеге аспақ. 👍🔥

3️⃣ 21 қазан Алматыда “Жаңа Қазақстан. Таза табиғат” атты жалпықалалық сенбілік өтеді.

Алматы қаласының экологиялық қоғамдастығы мен қалалық мәслихат депутаттарының бастамасымен “Жаңа Қазақстан. Таза табиғат” атты жалпықалалық сенбілік өтеді.

Сенбілік аясында қала аумағын тазарту, демалыс орындарын, саябақтарды, аулаларды тазарту, сонымен қатар ағаштарды жаппай отырғызу (10 мыңға жуық көшет дайындалды) жоспарлануда.

Алматы қаласы әкімдігі көшеттер мен қажетті құрал-жабдықтарды (қолғап, қап, күрек, тырма), акцияға қатысушыларды ауыз сумен қамтамасыз етеді. Жиналған қалдықтарды шығаруды ұйымдастыруға қолдау көрсетеді.

Тазалауға арүалған негізгі орындар:

1. ВОАД жағынан Көктөбе баурайында.
2. Алматы қаласының өндірістік аймағы мен Батыс қорымының санитарлық-қорғау аймағы арасындағы аумақта.
3. ALA саябағы.
4. Шағын ауданда. Боралдай өзенінің жағалауындағы Көкқайнар.

Ал сіз қатысасыз ба?🤔