Көшпенді қазақтың саяси кездесулері қандай орындарда өтті?

Автор: редактор 05 Маусым, 2024


Көшпенді қазақтың саяси кездесулері қандай орындарда өтті?

💭 Жәрмеңкелерде тек сауда-саттық жасалып қойған жоқ. Олар алуан түрлі ру мен халықтардың өкілдері бас қосып, пікір алысатын, байланыс жасап тұратын орнына да айналды.

⚪️ Қазақ және орыс халықтары өкілдерінің өзара тамыр-таныстығы да осындай жәрмеңкелерден басталатын.

⚪️ Жәрмеңкелерде ірі-ірі спорттық шаралар, ат жарыстары, ұлттық ойын түрлері өткізіліп тұратын. Қазақтардың әр түрлі руларының, кейде тіпті барлық жүздерінің өкілдері күш сынасатын жарыстар да өткізілетін. Жәрмеңкеге жиналғандар түрлі спорт ойындары мен жарыстарды тамашалайтын. Ақындар айтысқа түсіп, бақ сынасатын.

⚪️ Ірі-ірі жәрмеңкелерде қазақтың бүкіл әлемге танылған атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы өнер көрсетті. Жәрмеңкелерде қазақтың Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Майра Шамсутдинова, Әсет Найманбайұлы, Әміре Қашаубайұлы сияқты көптеген сал-серілері мен ақындары да жиі-жиі келіп тұрды.

⚪️ Саяси өмірдегі оқиғалар шиеленісіп қыза түскен кездері жәрмеңкелер өкімет билігінің жоғары органына жазбаша шағым түрінде петициялар жолдайтын орын да болып табылды. Мәселен, 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен атақты Қарқаралы петициясы жазылды.