Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Димаштың жаңа әні бірнеше мемлекеттің радиостанцияларында шырқалды.
Димаш Құдайбергеннің «When I’ve Got You» атты жаңа композициясы жақында Сербия, Италия және Латын Американың танымал радиобағдарламаларында қойылды. Бұл туралы dimashnews мәлімдеді.
Еске сала кетсек, Сербиядағы ең танымал «Белгард 202 радиосының» қазақстандық әртіс Димаштың дауысын өз эфирінде беруі бірінші рет емес. Бұл Сербия мен Балқандағы ең көне және ең танымал радиостанциялардың бірі. 1969 жылы негізі қаланған бұл радиостанция бүгінгі күнде де тыңдармандарының сүйіктісі болып қала береді.
Сербиядан келген Dears Димаштың қайталанбайтын ерекше даусы көне бай тарихымен танымал «Белград 202 радиосында» бұған дейін де бірнеше рет шырқалғанын үлкен жақтанышпен жеткізді.
Тамаша! 😍 Ал сіз тыңдадыңыз ба?)
2️⃣ Кальян шегуге рұқсат берген мейрамхана мен бар иелеріне айыппұл салынады.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Сәрсенбаева мәлімдеді.
«Мейрамханалар мен барларда кальян шегетінін бәріңіз де білесіздер. Бүгінгі заңнама тұтынушының өзіне ғана шара қолдану мәселесін реттейді, бірақ рестораторлар мен кәсіпкерлерге қатысты норма жоқ. Осыған байланысты біз жауапкершілікті күшейтуді көздеп отырмыз. Яғни айыппұл мөлшерін ұлғайту және рестораторлар мен кәсіпкерлерге қатысты норма қабылдау туралы ұсыныс енгіздік», — деді Сәрсенбаева сенат кулуарында.
Осындай заң қабылданыпты.👍
3️⃣ Қазақстанда көліктерді тіркеу жүйесі жаңартылады.
Қазақстандағы мамандандырылған ХҚКО-ларда жүк көліктерін, автобустарды және басқа да көліктерді есепке қоюдың заңдылығын тексеру шаралары басталды.
Бүгінде жүк көліктері мен автобустарды заңсыз есепке қою фактілері жиілеп кетті. Ресми мәліметке сәйкес, 2023 жылдың тамыз айынан бері 23 қылмыстық іс тіркелді. Осы істер бойынша 3 мыңға жуық автокөлік заңсыз тіркелген. Ал мемлекетке келген залалдың көлемі 14 млрд теңгеден асты.
Осыған байланысты қаржылық мониторинг агенттігі, цифрлық даму министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» өкілдерінің жұмыс кездесуін өткізді. Бүгінгі таңда алаяқтар 4 негізгі схема қолданып жатады.
Цифрландыру вице-министрі Асқар Жанбакиннің айтуынша, қазіргі кезде ақпараттық жүйелердің интеграциясы толығымен жасалды. Соның арқасында VIN енгізу кезінде авто туралы барлық деректер автоматты түрде ақпараттық жүйеден тартуға және төленуге жататын алымдар мен төлемдерді есептеуге мүмкіндік бар.
Бірақ ХҚКО мамандары барлық деректі өздері енгізеді. Ал жүйені жаңартудың нәтижесінде автокөлік туралы деректерді қолмен қажеті болмай қалады.
Тексеріс басталыпты.📌