Камиль Круглиев, Қолөнер қаласы, Voice of Peace. 2-ші тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 01 Тамыз, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстандық Камиль Куруглиев еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

17 жасқа дейінгі 92 келіге дейінгі чемпионат финалында Камиль венгр спортшысы Мұса Арсункаевпен күресті. Осылайша бұл сында қазақстандық спортшы 11:00 есебімен жеңіске жетті.

Құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ Тараз қаласы дүниежүзілік қолөнершілер қаласының тізіміне енуі мүмкін. Жергілікті билік әлемдік қолөнершілер кеңесіне өтініш берген. 😍🔥

Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлайды.
Қаланың әлеуетін бағалау үшін халықаралық сарапшылар бас қосты. Тараз ежелден қолөнері өркен жайған шаһар. Облыс орталығында 80-ге жуық қолөнер шебері тұрады. Оның 30 пайызы киіз өнімдерін дайындаумен шұғылданады.

«Бұл өнер түрін Тараз қаласының брендіне айналдыру көзделіп отыр. Бүгінгі таңда қаланың туристік және қолөнерлік әлеуеті бар. Тасын түртсе тарихы көрінетін тараз шаһары Қазақстандағы тарихи туризм мәртебесіне лайық түрде ие болып отыр. Біздің ойымызша, Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы тізіміне енуге толық мүмкіндік бар», -дейді облыс әкімінің орынбасары Нұржан Қалендеров.

Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы тізіміне әлемнің 55 шаһары енген. Бұл тізімге әзірге Қазақстанда бір де бір шаһар енбеген.

3️⃣ 31 шілдеде Алматы Аренада «Voice of Peace» шоу-концерті өткен болатын. Концерттен түскен қаражат Украина балаларына гуманитарлық көмек ретінде берілді.

Аталмыш концертте украин жұлдыздарының басым бөлігі келді. Олар – Монатик, Тина Карол, ДОРОФЕЕВА. «Әлем дауысын» қазақ эстрадасының жұлдыздары Айқын, Данэлия Төлешова, Аргоня, Ситора Назарова, Асылбек және Сырымтай Еңсеповтер де қолдады. Көптеген отандық әртістер Украинадан келген әріптестерімен бұрыннан таныс және талай рет бірге жұмыс істеген.

Концертте жұлдыздар баршаға белгілі хиттерді де, жаңа тректерді де орындады. Оларды бірінші болып Алматыдағы қазақ тыңдармандары естіді.

Концертті тамашалауға барғандар бар ма?🤔