Каникул, Универсиада, Титаник. 12 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 12 Қаңтар, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Басқа қаладан келген колледж студенттеріне каникул кезінде 13 мың теңге төленеді.

🔖 Биылдан бастап басқа қаладан келген колледж студенттерінің жол жүру ақысы билетсіз-ақ өтеледі. 📌

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

Оқу-ағарту министрі техникалық және кәсіптік білім берудегі жаңалықтарға тоқталды.

«Биылдан бастап басқа қаладан келген студенттерге каникул уақытында растайтын құжаттарсыз жол жүру ақысына өтемақы (4 АЕК, биыл 13 800 теңге) төленеді»,- деді Бейсембаев кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен қатар, колледж базасында жоғары сынып оқушыларына жұмысшы біліктілігін беру бойынша пилоттық жоба іске қосылмақ. Министрдің айтуынша, бұл оқу аяқталғаннан кейін түлектерге мектеп аттестатымен бірге колледж дипломын алып, еңбек нарығына шығуға мүмкіндік береді.
Бұған қоса Бейсембаев колледж басшылары көшбасшылық және менеджмент бойынша оқытудан өтетінін атап өтті.

2️⃣ ХХХ Дүниежүзілік қысқы универсиада ойындары тікелей эфирде көрсетіледі.

12-22 қаңтар аралығында Лэйк-Плэсид (АҚШ) қаласында Дүниежүзілік қысқы универсиада өтеді. Универсиаданы Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram арнасының жазуынша,  әлемдік додаға 50 елден 1 443 атлет (832 ер, 611 әйел) қатысады. Студенттер спорттың 12 түрінен 86 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

🖇12-22 қаңтар аралығында Лэйк-Плэсид (АҚШ) қаласында Дүниежүзілік Қысқы Универсиада өтеді. Әлемдік додаға 50 елден 1 443 атлет (832 ер, 611 әйел) қатысады. Студенттер спорттың 12 түрінен 86 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Тарихи сәтті өткізіп алмаңыз!😍

3️⃣ Әлеуметтік желіде «Титаниктің» мерейтойлық нұсқасының трейлері жарияланды.

Әлеуметтік желіде «Титаниктің» мерейтойлық нұсқасының трейлері жарияланды.

Халықаралық релиз 2023 жылғы 10 ақпан – Валентин күніне орай жоспарланған.

Айта кетейік, «Титаник» осымен кинотеатрларда үшінші рет қайта көрсетіліп жатыр:

2012 жылғы 5 сәуірде, апаттың 100 жылдығы және фильмнің шыққанына 15 жыл толуына орай, фильм 3D және IMAX 3D форматында көрсетілді;

2017 жылғы 1 желтоқсанда шыққанына 20 жыл толуына орай «Титаник» АҚШ-та қайта прокатқа шықты.

Ал сіз тамашаладыңыз ба?😉