Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин ATP 250 турнирінде жеңіске жетті
Қытайдың Ханчжоу қаласында екі қазақстандық өзара бақ сынасты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабар таратты.
Тәжірибелі Михаил Кукушкин (112 ATP) Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченконы (58 ATP) 6:4, 7:6 (7:5) есебімен ұтты.
Карен Хачанов пен Бу Янчеокоте кездесуінің жеңімпазы Михаилдың келесі қарсыласы болмақ.
Бұған дейін кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жеке және жұптық спортшылар рейтингісінің жаңартылған нұсқасын шығарған болатын. Михаил Кукушкин сегіз орынға шығып, 112-орынға табан тіреді. Александр Шевченко бір позицияны жоғалтып, 58-ші орынға тұрақтады.
Құтты болсын!🔥
2️⃣ Енді әскери қызметкерлердің қызметтік досы болады
Бұл sputnik.kz туралы хабарлады.
«Қарулы күштерде құқық бұзушылықтарды тоқтату аясында көптеген шара қолданылады. Мәселен, «Жауынгерлік дос» жүйесі, яғни, әрбір келген әскери қызметшінің қасында екінші жауынгерлік досы болады. Оның басты міндеті – оны басқа бір жағымсыз жағдайлардан сақтап, қорғап жүру. Одан басқа, «Пирамида» жүйесі бар», — деді қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев.
Сонымен қатар сарбаздар «Отбасымен бейнеқоңырау» қызметі арқылы туыстарымен хабарласа алады. Әрбір бөлімде ата-аналар чаттары құрылған. Құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алу мақсатында әрбір әскери қызметші жүгіне алатын профилактикалық кабинеттер мен Сенім телефондары жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, қызметтік үй-жайлар, оның ішінде казарма орналасқан жер бейнекамералармен жабдықталған. Ол үшін штаттарға оператор лауазымдары енгізілген.
Оның басты міндеті – оны басқа бір жағымсыз жағдайлардан сақтап, қорғап жүру екен📌
3️⃣ “Ата жолы” картасы: АҚШ пен Еуропадан этникалық қазақтар келеді
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин айтты.
“Әлемде инвестициялар үшін бәсекелестіктің күшеюі аясында елдегі бизнес-иммиграцияны одан әрі дамыту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Этникалық қазақтарды “Ата жолы” картасына тарту бойынша шаралар қолға алынды. Осы картаны алуға үміткерлердің географиясы кеңейіп келеді. Қазіргі кезде Ресей Федерациясы, Германия, Қытай сияқты таяу шет елдермен қатар, «Ата жолы» картасын алуға АҚШ, Еуро одағы елдерінің азаматтары – этникалық қазақтар да қызығушылық танытып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, “Ата жолы” картасы өз елдерінде сұранысқа ие кәсібі бар немесе табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда кеңінен қолдануға ниет білдірген этникалық қазақтарға беріледі”, — деді Е.Абулхатин Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
57 адамға беріліпті👍