Картина,Елена Рыбакина, Өрт. 28 маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 28 Маусым, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Густав Климттің «Желпуішті ханым» деп аталатын картинасы 86 миллион еуроға сатылып, Еуропада рекорд жаңартты.

Dame mit Fächer» («Желпуішті ханым») тарихта қалды. Австриялық модернист-суретші Густав Климттің картинасы Sotheby’s дүкенінде 74 миллион фунт стерлингке (86 092 340 еуро) бағаланып, осында сатылған ең қымбат картина бойынша жаңа рекорд орнатты.

Соңғы 29 жыл бойы бір отбасының қолында болған картинаның кімге тиесілі болғаны әзірге белгісіз.

Аталмыш картина Климттің ең жақсы әрі оның мансап жолындағы соңғы портреті. Өнер иесі туындыны 1917-1918 жылдары, 55 жасында салған еді.

Ең қымбат картинаны мүмкіндігіңіз болса, сіз де сатып алар ма едіңіз?😍

2️⃣ Елена Рыбакина Уимблдонда чемпиондық атағын үшінші ракетка болып қорғайды.

Дүниежүзілік рейтингіде де үшінші сатыда тұрған қазақстандық теннисші өткен жылғы чемпиондық атағын қорғайды.

Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан Уимблдон жарысында Польша өкілі Ига Швентек – бірінші, Беларусь өкілі Арина Соболенко екінші ракетка болып тіркелген. Олар тек финалға шыққанда ғана бір-бірімен кездесе алады.

«Үлкен дулыға» додасының өткен жылғы финалисі, тунистік Онс Жабер алтыншы ракетка ретінде сынға түседі.
Қазақстанның ерлер арасында – бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Уимблдонда алғаш рет таңдаулылар қатарында бақ сынайды.

Спортшымызға жеңіс тілейміз!🔥

3️⃣ Шығыс Қазақстан облысындағы өрт толық сөндірілді.

28 маусым күні ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ШҚО Ұлан ауданы Приморск орманшылығындағы және Глубокое ауданындағы Комсомол орманшылығындағы өрт сөндірілгенін мәлімдеді.

Екі аудандағы орман шаруашылығында құрғақ шөп өртенген.
Ведомство өрт өрт сөндірушілердің, орманшылардың және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен сөндірілгенін мәлімдеді.
Ұлан ауданындағы өрт 2023 жылғы 26 маусымыда басталып, 5 га аумақты шарпыған, ал Өскемен қаласының шетіндегі өрттің аумағы 14 гектардан асқан.

Приморск орман шаруашылығының аумағындағы өрт кеше түстен кейін оқшауланды. Таулы, жартасты жерлер болуына байланысты бұл аумақта өрт сөндіру оңай болмаған.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!🙌🏻