КазПромБезопасность, Шавкат Рахмонов, Юбари. 26-шы мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 26 мая, 2022


🟩 Павлодарда «КазПромБезопасность ПВ» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын шығаратын кәсіпорын іске қосылды.

Өндіріс алаңында жылу алмастырғыштар, конденсаторлар, ауаны салқындату аппараттары, криогендік жабдықтар, құбыр бөлшектерінің көптеген түрі, металл конструкцияларының бірнеше түрі шығарылады.

Тағы қандай зауыттардың ашылғанын қалайсың?

🟩 Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізу үшін АҚШ-қа аттанды.

Жекпе-жек 26 маусымда өтеді. Оның қарсыласы — жартылай орта салмақтағы америкалық Нил Мэгни.

Спортшымызға сәттілік тілейміз!👏🏻

🟩 Жапонияда өткен аукционда екі «Юбари» сортты қауыны 23,5 мың долларға сатылды.

Аталмыш аукцион Хоккайдо провинциясының орталығы Саппоро қаласындағы көтерме сауда базарында өтті.

Екі юбариді балалар тағамын өндіруші Hokkaido Products сатып алды.