Иманбек Зайкенов, Президенттік әдеби сыйлық, Жәмила Бақбергенова. 22-ші сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 22 апреля, 2022


1️⃣ 🎤 Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов америкалық әнші Салем Илеземен бірге жаңа клип түсірді.

Ол әлеуметтік желілерде Married to Your Melody видеосын осы жұмадан бастап көруге болатынын хабарлады.

Иманбекке шығармашылық табыс тілейміз!👏🏻

2️⃣ Алдағы уақытта 18-29 жас аралығындағы жазушылар мен ақындарға арналған президенттік әдеби сыйлық тағайындалады.

Сыйлық «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша беріледі.

Сен де қатысып, бағыңды сынап көр!✔️

3️⃣ Қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды.

Ол Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын салды.

Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз! 👏🏻😍