Киік, Банкрот, Мамандық. 30 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 30 Қаңтар, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз. 🔥

1️⃣ Оқушыларға мамандық таңдауға көмектесетін жоба іске қосылады.

Бұл туралы inform.kz мәлімдеді.

«Бүгін біз ресми түрде «Болашақ» қауымдастығының атынан жаңа жобаны бастағалы отырмыз. «Болашаққа сеніммен» жобасы мектеп бітіріп жатқан түлектерімізге өзінің кәсіби бағдарын, кәсіби жолын таңдай білуіне арналған нақты жоба болмақ.
2022 жылы біз пилоттық негізде 40-тан астам мектепте кездесулер өткізіп, 3 мыңнан астам оқушыны қамтыдық. Оның бәрі 10,11,12 сыныптағы болашақ түлектер. Мамандық таңда кезінде оларда қандай триггерлер, қандай стимулдар болу керектігін «Болашақ» менторлары арқылы үйретеміз», – деді қауымдастық өкілі.

Айтуынша, бұл жоба науқандық шара болып қалмау үшін жүйелі түрде дамытуға күш салынбақ.

«2023 жылы Болашаққа сеніммен» деген жобаны «Болашақ» түлектері қауымдастығының атынан бастайық деп жатырмыз. Басты менторлар деген топ жасақтап жатырмыз. Осы жобаға қатысқысы келетін азаматтарды шақырамыз. Бүгінгі брифингті пайдаланып, өздерін қоғам белсендісі деп білетін азаматтардың бәрін бізге жүгініп, байланыс мәліметтерін берге шақырамыз. Ұйымдастырушылар сол мәліметтер бойынша кері хабарласып, көмек береді. Олармен де кездесулер өткізуге дайын екенімізді айтқым келеді», – деді ол.

«Болашаққа сеніммен» жобасы арқылы 11-12 сынып оқушыларына мамандық таңдауға көмектеспекші. 😍👍

2️⃣ Қазақстанда 1 млн 100 адам банкроттыққа өтініш бере алады.

Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

«Барлығы 1 миллион 100 адам банкроттыққа өтініш бере алады. Одан аспайды. Бірақ банкрот болу, болмауды әркім өзі шешеді. «Банкрот» мәртебесі «қара таңба» сияқты ғой, сондықтан азаматтардың көбі ойланып шешіп қабылдайды деген сенімдемін», – деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қаңтар айының басынан бері 10 мыңнан аса адам жүгініп үлгерген.📌

3️⃣ Қазақстанда киіктерді қолға үйрету жоспарланып отыр.

Бұл туралы брифингте ҚР Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким айтты.

Оның айтуынша, Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары Жәңгір хан экологиялық қорықтарды жинақтау үшін мамандандырылған питомниктерді ұйымдастырады. Сонымен қатар мамандар киіктерді қолға үйретіп, мал шаруашылығы мәдениетіне енгізу жолдарын іздестіруде. Осындай жұмыстарды Алматыдағы Зоология институты да жүргізуді жоспарлап отыр.

Елімізде 2 мыңға жуық киік ғылыми зерттеуге және қолға үйретілмек.✔️☝🏻