Кирилл Сергеевич, Алан Құрманғалиев. 9-шы маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 09 Маусым, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа бүгінгі күннің басты ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!✅

1️⃣ Кирилл Сергеевич Кекер «Қайрат» футбол клубы негізгі командасының бас бапкері болып тағайындалды. Ол «Қайрат» академиясының ең табысты бапкерлерінің бірі.

2017 жылы маусымда Кекердің шәкірттері Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.

Жаңа қызметімен құттықтаймыз! 👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ Қазақстандық теннисші Алан Құрманғалиев халықаралық жарыста алтын медаль жеңіп алды.

Чехияның Гавиржов қаласында үстел теннисінен «WTT Youth Contender» кезеңі бойынша халықаралық жарыс өтіп жатыр.

Аталған әлемдік бәсекеде 30 елден 11 жастан 19 жасқа дейінгі спортшылар ойын көрсетуде.

Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз! 💐

3️⃣ Ұлттық банк Нархоз университетінде білім алуға 30 грант бөлді.✔️

Ұлттық банктің хабарлауынша, MBA-дің «Қаржы талдаушысы», «Қаржылық тәуекел-менеджері», «Макроталдау мен болжау» және «Актуарий» бірлескен бағдарламалары аясында «Нархоз университетінде» оқуға конкурстық өтінімдер биыл 25 шілдеге дейін қабылданады.