Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ 14 қыркүйекте Kitap Fest Almaty 2024 кітап фестивалі басталады.
KitapFest кітап фестивалі – Алматыдағы әрбір кітапқұмар жанның өміріндегі айтулы мәдени оқиға. Жоба 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Ал биыл он жылдығын атап өтеді.
KitapFest бүгінгі күнге дейін Қазақстандағы ең ірі кітап фестивалі болып қала береді. Онда белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 500-ге жуық кітаптың тұсауы кесілді.
Биылғы Kitap Fest Almaty “Болашақ кітабы” тақырыбына арналған. Келушілер ауқымды мәдени бағдарламаны, жазушылармен кездесулерді және түрлі шараны тамашалайды.
KitapFest Almaty 2024 аясында мыналар өтеді:
— жазушылар шатыры: кітап презентациялары, авторлар мен жазушылардың сөздері
— “Қазақ қаламгерлері” шатыры — қазақ тілді әдебиеттің жас және танымал авторлары мен жазушыларының қойылымдары
— жас зиялы патриоттар шатыры “ЖАС АЛАШ” — қазіргі қоғамның көшбасшылары
— KITAP FEST WOMEN шатыры — түрлі саладағы табысты әйелдердің дәрістері, қоғам қайраткерлерінің, блогерлер мен пікір көшбасшыларының кітап оқудың пайдасы мен сүйікті шығармалары туралы баяндамалары
— сирек кітаптар көрмесі. Алғашқы баспалар, Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасының сирек кітаптары
— 55 баспа мен кітап дүкендерінің, 5 шетелдік, 5 тәуелсіз жазушылардың, кітапқа қатысты өнімдердің қатысуымен ауқымды кітап жәрмеңкесі
— иллюстраторлар көрмесі. Мұнда 35 үздік иллюстратордың жұмысы көрмеге қойылады
— 60 жетекші баспалар мен кітап дүкендерінің кітап көрмесі. -5%-дан -40%-ға дейінгі жеңілдіктер
— “Досыңмен кітап оқы және айырбаста” кітап алмасу шарасы. Соның арқасында сөреңізді әртүрлі жанрдағы қызықты кітаптармен толықтыруға бірегей мүмкіндік болады
— поэзиялық терапия
— балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы
Өтетін күні: 14-15 қыркүйек, 11:00-19:00
Орны: Алматы қаласы, Арбат алаңы
Қалаған кітабыңызға қол жеткізе аласыз!🔥
2️⃣ Министрлік қосымша білім грантына ие болғандардың тізімін жариялады.
Қазақстанда қосымша білім беру гранттары тағайындалды.
Бұған дейін ҰБТ-дан 100 балдан жоғары ұпай алған мыңдаған талапкер грантқа түспей қалды. Ал үкімет биылғы мемлекеттік тапсырыстың бір бөлігін су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда тұратын мектеп түлектеріне бөлуге шешім қабылдады. Сол кезде жоғары ұпай алған талапкердердің ата-аналары шу шығарып, жеңілдікпен берілетін гранттарды жалпы тапсырыстан алынғанына наразылық білдірді. Осыдан кейін қосымша гранттар бөлінді.
«Білім беру гранттары белгіленген тәртіппен, конкурс негізінде, ең жоғары ҰБТ баллдарына ие болған үміткерлерге білім беру бағдарламаларының тиісті топтарына сәйкес белгіленді. Барлық грант иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін барулары қажет», — делінген ресми хабарламада.
Грант иегерлерінің тізімін мына жерден жүктеп алуға болады.
Құттықтаймыз! 👍
3️⃣ Астанада жұмыс және маман іздеуге арналған платформа іске қосылды
Елордада жұмыс пен тапсырыстар іздеуге арналған JUMYSTAP.kz жаңа сервистік платформа іске қосылды.
JUMYSTAP.kz платформасы – Астана әкімдігінің бастамасы болып саналатын және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы азаматтардың табысын арттыруға бағытталған JOLTAP жобасын дамытудың келесі маңызды кезеңі.
JUMYSTAP.kz платформасының басты міндеті – елордадағы кадрлық тапшылық пен жұмыссыздық мәселесін жедел шешу. Жұмыс берушілер өздерінің жарнамаларын оңай жариялау үшін платформаны пайдалана алады. Мұнда үміткерлерге қойылатын талаптарды егжей-тегжейлі сипаттап жазып, осы бос жұмыс орындарын үміткерлердің кең алаңына бөлісуге болады. Бизнес өкілдері мен жеке тұлғалар тұрақты жұмыс орнына қызметкерді ғана емес, сонымен қатар көлемді тапсырыстарды орындау үшін орындаушыларды да таба алады. Алаң 1000-нан астам цифрлық мамандарды қамтитын жалғыз сервис болып саналады.
5 тамыз күні Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің жоба түлектерімен кездесуінде платформаның жұмысы басталды.
Цифрлық мамандықтар бойынша тапсырыстар мен жұмыстарды іздеу географиясы ешнәрсемен шектелмейді, жоба түлектері тапсырыстарды тек Астанада ғана емес, бүкіл Қазақстан мен ТМД аумағында қабылдай алады. Өз кезегінде жұмысшы мамандықтарының түлектері көлемді жұмыстарды бірлесіп орындау үшін топтарға біріге алады.
Платформаны жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер де комиссиялар мен делдалдарсыз әрі ақысыз пайдалана алады. Хабарландырулар мен ізденушілер пулы бойынша ыңғайлы сүзу қарастырылған. Whatsapp мессенджері арқылы жұмыс берушілер/тапсырыс берушілер мен өтініш берушілер/тапсырыс берушілер арасында тікелей байланыс қамтамасыз етілген.
Тамаша мүмкіндік📌