Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Ауыл тұрғындарына 2,5%-тік микрокредит беру үшін 100 млрд теңге бөлінеді.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарына 2,5 пайызбен микрокредит беріледі. Бұл мақсатқа биыл 100 млрд теңге көзделген. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.
Ол президенттің тапсырмасымен ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі «Ауыл аманаты» жобасын іске асыра басталғанын атап өтті.
«Оның аясында сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы 5 жылға дейінгі, мал шаруашылығы саласында 7 жылға дейінгі мерзіммен, жылдық 2,5 пайызбен микрокредиттер беріледі. Микрокредиттің ең жоғары сомасы 8,6 млн теңгені құрайды, бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін — 27,6 млн теңге», — деді Қарашөкеев үкімет отырысында.
Айтуынша, жобаны іске асыру үшін биыл 17 мың микрокредит беру жоспарланған. Бұл мақсатқа 100 млрд теңге көзделіп отыр. Осының арқасында 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.
Ауыл тұрғындарына құлаққағыс жасап қойыңыздар!📌
2️⃣ Ұлттық академиялық кітапханада мұқабасы адамның терісінен жасалған кітап сақталған.
Ұлттық академиялық кітапханада мұқабасы адамның терісінен жасалған көне кітап бар. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.
Ұзындығы 21, ені 15, қалыңдығы 2 сантиметрлік экспонат толық зерттеліп біткен жоқ, Кітапхана қорындағы ерекше экспонаттардың бірі бұл мекемеде 2014 жылы пайда болды. Оны өзінің есімін жасыруды өтінген оқырман сыйға тартқан. Көне туынды 1532 жылы шығып, Еуропадан жеткізіліпті. Коллекционердің қолына нақты қалай тап болғаны белгісіз.
Көне туынды қазір ғалымдардың назарында. Ол 396 беттен тұрады. Бүгінде оның алғашқы 16 беті ғана зерттелген. Сарапшылардың болжамы бойынша, адам терісінен жасалған кітап Петрус Пуардус есімді Италияның солтүстігінде өмір сүрген азаматқа тиесілі. Ол нотариат қызметкері болған деседі.
«Ескі латынмен жазылған бір нотариустың күнделігі екен. Бұл кітапты біз зерттеп шықтық. Әрине, оның адам терісінен жасалғанын дәлелдеу керек болды. Өкінішке қарай, Қазақстанда оны оқып беретін ешкімді таба алмадық. Сосын біз интернеттен қарап шықтық, Парижде «Институт истории и изучение текстов» деген бар екен. Соған хабарластық, сол жерден 10 бетін электронды нұсқа жібердік, бізге оқып берді», — дейді Ұлттық кітапханасы «Сирек қор» секторының меңгерушісі Дариға Дәуренбекова.
Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, тірі жанның терісін қолдану арқылы кітап шығару XVI-XVII ғасырларда қалыпты жағдай саналған. Тіпті адам өлім алдында өзін осындай әдіспен есте сақтауды сұрап, өз терісінен арнайы кітап жасатқан деседі.
📖 Көне туынды 1532 жылы шығып, Еуропадан жеткізілген.
3️⃣ Қазақстандықтардың ел ішінде саяхаттау бойынша саны 8,6 миллионға жетіп, рекорд жаңартылды.
Қазақстанда отандық туристер саны бойынша рекорд жаңартылды. Көрсеткіш 2022 жылы 8,6 миллион адамға жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 миллионға жоғары. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді.
Елімізде демалыс орындарының саны көбейгенін де атап өту керек. Мәселен, 2022 жылы 284 жаңа демалыс орны пайда болды. Республика бойынша олардың жалпы саны төрт мыңға жетті.
«Ішкі туризм шетелдіктерді тартудан кем емес. Мысалы, «Kids Go Free» бағдарламасы бір жылдан астам жұмыс істеп келеді. Соның арқасында балалар Қазақстан бойынша тегін рейстермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар ел ішінде саяхаттайтын азаматтар үшін туристік кэшбэк енгізу жоспарлануда. Біз бар бағыттар бойынша жұмысты жалғастырып, ішкі туризмге деген қызығушылықты арттырамыз», — деді мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Ал сіз еліміздің қай жерлерінде болдыңыз? 😍