Кітапханашылар, Димаш Құдайберген, Оқу орны.19-шы қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 19 октября, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстанда 24-қазан кітапханышылар күні болды.

Премьер-министр Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы қаулыға өзгеріс енгізді. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы 689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын — «38-1. Кітапханашы күні – 24 қазан», — делінген құжатта.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Құтты болсын!😍🔥

2️⃣ Димаш Малайзияда жеке концертін береді.

19 қарашада өтетін концерттің афишасын әртіс әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Димаш Құдайберген алғаш рет Малайзия астанасы Куала-Лумпурдегі Axiata Arena Bukit Jalil аренасында өзінің STRANGER атты жеке концертін береді», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, бұл концертке билет 21 қазандасатыла бастайды.
Осы жылдың қыркүйек айында Димаш Алматыда алғашқы жеке концертін берді, оған 30 мыңнан астам тыңдарман келді.

Сәттілік!🔥🔥🔥

3️⃣ Қонаев қаласында Алматыдағы жоғары оқу орындарының бөлімшесі ашылады.

Қонаев ғылым-білім орталығына және студент жастардың қаласына айналуы керек. Алматы облысына жұмыс сапарымен барған президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді.

Президенттің айтуынша, қазіргі кезде жоғары оқу орындарының көбісі Алматыда орналасқаннан кейін көлік кептелісі көп болады. Жатақхана мен баспана тапшылығы бар. Шаһардың ауасы да ластанып барады.

«Осының бәрін ескере отырып, Қонаевта «академиялық қалашық» құру мәселесін қарастырған жөн деп санаймын. Ірі қалалардың жанынан инновациялық орталық құрған елдер аз емес. Үкімет бұл мәселе бойынша жаңа жылға дейін нақты ұсыныс беруі керек. Әрине, жастардың Алматы сияқты ірі қалада оқып, жұмыс істегісі келетіні түсінікті. Дегенмен, Қонаев студенттер үшін өте ыңғайлы қала болар еді деп ойлаймын. Бұл жақта жатақхана салуға жер жеткілікті, пәтер жалдау да қымбат емес», — деді Тоқаев облыс жұртшылығымен өткен кездесуде.

Мемлекет басшысы Қонаев қаласында Алматыдағы жоғары оқу орындары мен колледждердің бөлімшесін ашу мәселесін қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ жаңа заманауи университет ашылуы қажет.

«Жалпы, әлемнің ірі университеттерінің көпшілігі ірі қалаларда емес, қаладан алшақтау жерлерде жайғасқан. Бұл жастардың алаңсыз білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін қажет. Осы қадам өңірдегі кадр тапшылығына байланысты түйткілдерді шешуге де зор септігін тигізеді», — деп атап көрсетті Тоқаев.

Арамызда Қонаевтың тұрғындары бар ма?🤔