Кітапток, Теннис, Қазахтелеком. 18 сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 18 Сәуір, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ #кiтапток: TikTok пен Мәдениет министрлігі #кiтапток деп аталатын ерекше жобаны іске қосты.

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні қарсаңында қысқа бейнероликтер жасау мен қарауға арналған жетекші TikTok платформасы қазақстандықтарды кітап оқуға, оқыған кітаптар туралы ұсыныстарымен бөлісіп, жаңа әдеби шығармаларды табуға құлшындыратын #кiтапток жобасын іске қосып жатыр. Бұл бастама #BookTok жаһандық құбылысынан шабыт алады.

#кітапток Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Meloman/MARWIN кітап дүкендері желісінің қолдауымен өтеді. Сондай-ақ бұл бастамаға кітапханалар мен TikTok танымал креаторлары қолдау білдірген.

#BookTok бүкіл әлемде кітапқұмарлардың басын қосатын нағыз мәдени құбылыс дейтін болсақ: TikTok-тың осы хэштегіндегі бейнебаяндар 123 миллиардтан астам қаралым жинап үлгерген. Бейнероликтерде әр елдің қолданушылары оқыған кітаптары туралы өзі ұсыныстарымен, әсерлерімен бөліседі.#BookTok қазірдің өзінде кітап индустриясына ықпал ете отырып, жазушылардың танымалдыққа қол жеткізуіне, ал кітаптардың – бестселлерлер қатарына қосылуына мүмкіндік береді. Ал адамдар да уақыт өткен сайын TikTok шолуларына негізделген кітаптарды таңдай бастаса, #книжныерекомендации хэштегіндегі бейнероликтер қазірдің өзінде 2 миллиардтан астам қаралым жинап отыр.

Сондықтан Қазақстандағы жаһандық кітап оқу үрдісін қолдау мақсатында TikTok ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірге өз платформасында #кiтапток науқанын бастайды.

Осындай бастаманы қолдайсың ба?😍

2️⃣ Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 7-орынға көтерілді.

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Billie Jean King Cup кубогының жаңартылған рейтингінде 10-шы орыннан жетінші орынға көтерілді.

Бұл – біздің әйелдер құрамасының тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
Швейцария құрамасы, яғни Billie Jean King Cup кубогының қазіргі чемпионы әлемдік рейтингтің көшбасшысы.
Еске салсақ, қазақстандық әйелдер командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Польшаны 3:1 есебімен жеңіп, биыл қарашада өтетін турнирдің финалдық кезеңіне өткен болатын.

Құтты болсын!👏🏻

3️⃣ «Қазақтелеком» Алматыда Nomad city кешенін GPON технологиясымен интернетке қосты.

Жаңа кешен Түрксіб ауданында орналасқан. 400-ден аса пәтердің тұрғыны бір кәбіл желісімен ұсынылатын қызметтер кешеніне қолжеткізді. Жыл аяғына дейін компания 22 мың жаңа абонентті жүйрік интернет қызметіне қосуды жоспарлап отыр.

«Ірі провайдердің қызметтер кешеніне 500 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен сапалы жоғары жылдамдықты интернет, 170-тен аса танымал телеарналары, фильмдері мен телехикаялары бар «TV+ Kazakhtelecom» телеком-операторының бейне сервисі, IР-телефония және мобильді байланыс кіреді», – делінген хабарламада.

Nomad city ТК тұрғындарының бірі Зәуре Тілеубаева бортсерік болып жұмыс істейді, ал жұмыстан бос уақытында әлеуметтік желілерде парақшаларын жетілдіріп, тапсырыс бойынша аспаздық өнімдер әзірлейді. Зәуре бұл ретте жылдам және сапалы интернет қосымша көмекші құрал екенін айтады.

Керемет!🔥