Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Колледждерге құжат қабылдау жүріп жатыр.
Биыл мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі 50 мың орынға артты. Жалпы колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау жоспарлануда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға бағытталып, геология, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, Құрылыс және коммуналдық шаруашылық және т. б. бағыттар бойынша ұлғайтылды.
Сондай-ақ өткен жылдан бастап кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлау енгізілді. Бұл ретте жұмыс беруші практиканы ұйымдастыру және колледж түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру міндеттемесін өзіне алады. Биыл кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қосымша 10 мың студент қабылдау жоспарланып отыр.
Құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 20 тамызына дейін жалғасады.📌
2️⃣ Мбаппе Сауд Арабиясы ұсынған 700 миллион еуро жалақыдан бас тартты.
Француз шабуылшысы Килиан Мбаппе «Әл-Хилал» футбол клубының менеджерлерімен келіссөзден бас тартты. Саудиялық клуб бастапқыда 300 миллион еуро ұсынып, маусым айында 700 миллион еуро жалақы тағайындауға уәде берген еді.
Сауд Арабиясы командасының өкілдері Парижге Килиан Мбаппемен келісімшартты талқылау үшін арнайы барған еді. Өкінішке қарай, ПСЖ мен «Әл-Хилал» өкілдерінің арасындағы келіссөз нәтижесін бермеді. Килиан Мбаппе Сауд Арабиясының ең атақты клубтарының біріне ауысқысы келмейтінін айтты.
Сіз оның шешімін қолдайсыз ба?🤔
3️⃣ Түркістан облысында жол апаты кезінде жолаушыларды құтқарған екі азамат марапатталды.
Бұл туралы polisia.kz мәлімдеді.
17 шілдеде Ұланбел – Созақ – Шолаққорған – Екпінді тас жолының Шыбыт – Шаян елді мекенінің аралығында 3 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Салдарынан 10 адам мезгілсіз қаза тауып, 12 адам жарақат алды.
Өзгелердің өмірін арашалап қалған екі адамның арқасында қаза болғандар саны азайды. Сол күні апатқа ұшыраған көліктерің ішінде болған Мұрат Есенқабылов пен Бақытжан Көксубай қасындағы жүргізушілер мен жолаушыларды құтқарып қалған.
Олардың адам өмірін арашалаудағы батылдығы бен жанқиярлығын қоғам жоғары бағалады.
Түркістан облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Бағланбек Айтпаев өз басын қатерге тігіп, өзгеге жәрдем берген екі тұрғынды арнайы қабылдап, марапаттады. Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.
Батыл азаматтарымыз көбейе берсін!🤲🏻