Колледж, Оқу, Универ. 6 қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 06 ноября, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Қазақстандағы колледждерде онлайн оқыту жүйесі енгізіледі

Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, онлайн оқытудың басты мақсаты – еңбек нарығының талаптарына сай, білікті мамандарды сапалы даярлау. Бұл өзгеріс өндірістен қол үзбей кадрларды даярлау мәселесін шешуге және студенттерге оқу мен жұмыс қызметін үйлестіре отырып, жеке бағдарламалармен оқуға мүмкіндік беруге бағытталған.

«Мұндай тәжірибе АҚШ, Канада, Қытай, Австралия және Ұлыбритания сияқты елдерде қолданылып келеді. Ондағы онлайн оқыту білім беру процестерінің тиімділігін арттырған», – деп атап өтті Бейсембаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Осы жүйе арқылы студенттер жұмыстан қол үзбей, нақты өндірістік жағдайларда өз дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады. Ал цифрлық экономиканың дамуы жағдайында IT-мамандықтарға ерекше назар аударылмақ.

“Елімізде IT саласы қарқынды дамып келеді. Қазіргі уақытта осы бағытта 227 колледжде 56 мың студент білім алуда», – деп қосты министр.

Тамаша мүмкіндік👍

2️⃣ Сабақ сағаты қысқартылған мектептерде жазда оқу жалғасуы мүмкін

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мәжіліс кулуарында оқушылардың мектептен қараңғы уақытта қайтуы өзекті мәселе емес екенін айтты. Оның сөзінше, сабақ ұзақтығын қысқарту немесе сол күйінде қалдыру шешімін әр мектеп өз бетінше қабылдайды.

«Әрбір сабақтың уақыты бекітілген ереже бойынша көрсетілген, сондықтан мектептер оны сақтауға міндетті. Мұндай жағдай бізде 2020 жылғы пандемия кезінде де болған еді, сол кезде сабақтар 40 минутқа қысқартылды. Кейін 2021-2022 жылдары жазғы мектептер ұйымдастырылды», – деп түсіндірді министр.

Бейсембаевтың айтуынша, бұл мәселе негізінен еліміздің шығыс аймақтарында өзекті. Үш ауысымды мектептерге сабақ уақытын қысқарту туралы ұсыныс жасалған.

Бұған не дейсіздер?🤔

3️⃣ QS World University Rankings: Алғашқы жүздікте Қазақстанның үш ЖОО-сы тұр

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, QS World University Rankings әлемдегі үздік университеттердің флагмандық рейтингінде қазақстандық ЖОО-лардың саны соңғы төрт жылда екі еседен астам өсті, ал соңғы үш жылда 14-тен 21 университетке дейін бір жарым есеге өсті.

«Пәндік рейтингтерде қазақстандық жоғары оқу орындарының саны төрт жылда төрт есеге өсті (2 жоғары оқу орнынан 8 университетке дейін).
QS Sustainability Rankings тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы әлемнің үздік университеттерінің рейтингі ерекше орын алады, оның соңғы шығарылымында бірден 12 қазақстандық ЖОО дебют жасап, «Басқару моделі» индикаторы бойынша барынша сенімді нәтижелерді көрсетті.
QS Stars бағдарламасына қатысушы қазақстандық жоғары оқу орындарының саны соңғы үш жылда 22-ге дейін өсті. Бұл бағдарлама бедел мен ғылыми өнімділіктен инклюзивтілікке және орнықты дамуға қосқан үлесіне дейін әр университеттің ерекше мықты жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін тәуелсіз аудит нәтижелерінің арқасында еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына шет елдерден дарынды студенттер мен оқытушыларды тарту бойынша жаңа мүмкіндіктер ұсынады», — деп жазды ведомстводан.

2024 жылғы қыркүйекте QS Global MBA Rankings үздік MBA бағдарламаларының рейтингтері жарияланды, онда 2016 жылдан бері алғаш рет қазақстандық жоғары оқу орындарының қатысуы бірден үшке дейін артты.

«Сондай-ақ Қазақстан QS Best Student Cities Rankings әлемнің үздік студенттік қалалары рейтингінде ұсынылған, оған еліміздің екі қаласы — Астана және Алматы кіреді.
Жоғарыда аталған рейтингтердің соңғы екеуінде — QS Global MBA Rankings және QS Best Student Cities Rankings — Орталық Азия елдерінен тек Қазақстан ғана ұсынылған.
Азия рейтингінің жаңа шығарылымында 25 ел мен аумақтан 985 ЖОО бар. Қазақстандық жоғары оқу орындары үшін ең үлкен бәсекелестікті Үндістан, Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындары құрайды.
Жаңа шығарылым рейтингке қатысушы қазақстандық жоғары оқу орындарының позицияларының әсерлі серпінімен ерекшеленді, олардың үштен екісі былтырғы нәтижелерін жақсартты», — делінген ақпаратта.

2025 жылғы Азияның үздік университеттерінің жаңа рейтингі QS Asia University Rankings 2025 құрамына 35 қазақстандық ЖОО кіреді, бұл ел тарихындағы жоғары білімнің абсолютті рекорды болып отыр.

Керемет!🔥