Коллекциялық монета, Олимпиада, Электросамокат. 26-шы шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 26 Шілде, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Роза Бағланова коллекциялық монеталары сатылымға шығарылады.

Қазақстанның Ұлттық банкі 27 шілдеден бастап ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL коллекциялық монеталары сатылымға шығарылатынын хабарлады.
Монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» атты сериядан шыққан.
Номиналы 100 теңгелік мельхиордан соғылған монеталар қазақтың опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған.

Монеталар www.kazcoins.nationalbank.kz платформасында Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.

Монета аверсінің орталық бөлігінде Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның оң жағы мен сол жағында ою-өрнек элементтері орналасқан. QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазу монета жиегімен айналдыра жазылған. Төменгі бөлігінен монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуын көруге болады.

Керемет!😍👍

2️⃣ Парижде өтетін Олимпиада-2024 ұраны белгілі болды. Байқаудың ұраны «Games Wide Open» (Кеңінен ашық ойындар, Ouvrons grand les jeux) фразасы болды.

2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада және Паралимпиада ұйымдастырушылары ойын ұранын жариялады.

Олимпиада ойындарының ресми сайтына сілтеме жасап.

Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ұйымдастыру комитетінің төрағасы Тони Эстанге бұл ұранды ұйымдастыру комитеті түрлі іс-шаралар мен бастамалар арқылы Ойынды жаңа әрі қызықты етуге ұмтылатынын айтты.

«Бұл бүкіл әлемге жаңа эмоцияларды бөлісуге шақырту. Біздің ойындар – жаңа әсер мен сезім. Жаңа тәртіп, Париж орталығындағы ашық жарыстар, Сенадағы ерекше ашылу салтанаты, кез келген адамға спортшы ретінде олимпиадаға қатысу үшін марафон», – делінген хабарламада.

«Электрсамокат жүргізу үшін жүргізуші куәлігінің болуы талап етілмейді. Электрсамокатпен жолға, велосипед жолына немесе қоғамдық көлік жолағына және жаяу жүргіншілерге арналған жолаққа шығатын жүргізушінің жасы 16-да болуы міндетті шарт болады», – деді Мұраталиев Facebook желісіндегі онлайн брифингте.

Сондай-ақ, оның айтуынша, электрсамокат түнде анық көрінетіндей жарық немесе жарық шағылыстырғыш жолақтармен жабдықталуы керек.

Қандай шектеулер енгізілгенін қалайсыз?)