Комиссия, Грант, Бибісара Ассаубаева. 31 наурыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 31 марта, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ Шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Ассаубаева Үндістан Гран-приінде жеңімпаз атанды.

Шахматшы 4-ші айналымындағы сәтсіздіктен кейін тағы бір қарсыласын жеңіп, жанкүйерлерін тағы да қуантты.
Енді оның қолында мүмкін болатын төрт жеңістің үшеуі бар.

Бесінші раундта шахматшы Азия чемпионы атанған үндістандық тәжірибелі шахматшы Харика Дроноваллиді басып озды.
Бұл жеңісі Асаубаеваға жалпы есепте үш ұпай жинап, жарыста екінші орынға шығуға мүмкіндік берді. Ал Гран-придің 3-кезеңінің үздігі – 3,5 ұпай жинаған қытайлық Жу Цзиньэр, үш тең ойын және екі жеңіске жеткен.
31 наурызда Бибісара Асаубаева турнир кестесінің үшінші сатысында тұрған ресейлік Полина Шуваловамен ойнайды.

Жеңіс құтты болсын!😍👏🏻

2️⃣ Кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады.

Оқу-ағарту министрлігінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылмақ. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған ведомство басшысының тиісті бұйрығында жазылған.

«ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын. Ведомствоаралық комиссия кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылады», — делінген құжатта.

Ведомствоаралық комиссияның құрамына мына лауазым иелері енеді:

— Оқу-ағарту министрі, төраға
— Оқу-ағарту вице-министрі, төрағаның орынбасары
— Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті басқармасының басшысы, хатшы
— Ғылым және жоғары білім вице-министрі
— Денсаулық сақтау вице-министрі
— Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
— Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
— Мәдениет және спорт вице-министрі Қазақстан Республикасы
— Қорғаныс министрінің орынбасары
— Ұлттық экономика вице-министрі
— Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
— Әділет вице-министрі
— Төтенше жағдайлар вице-министрі
— Экология және табиғи ресурстар вице-министрі
— Бас прокуратураның өкілі
— Адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық орталығының жетекшісі (келісім бойынша)
— Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының консультанты (келісім бойынша)
— Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)
— Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы
— Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы
— Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің директоры
— Қоғамдық бірлестіктің өкілі (келісім бойынша).
Құжат 14 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Жақсы бастама!🔥

3️⃣ Шетелдегі этникалық қазақтарға жүздеген оқу гранты бөлінді.

📌Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстанның жоғары оқу орындарында грант бойынша білім алғысы келетін шетел азаматтарынан құжат қабылдау басталғанын хабарлады

«Бүгін еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алуға арналған стипендиялық бағдарламаға құжат қабылдау басталды. Бағдарламаға шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматығы жоқ қазақ ұлтының өкілдері қатыса алады. Өтініш беру онлайн форматта ҚР ҒЖБМ Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығының веб-порталы (веб-сайты) арқылы жүзеге асырылады», — деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Нақтырақ айтсақ, бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарында шетел азаматтарын оқыту үшін 550 грант бөлініп отыр.