Коронавирус, Камера, Кәріз құдығы. 20-шы тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 20 Тамыз, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың 898 жағдайы тіркелді. Ал жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 382 809-ға жетті.

Оның ішінде:
* Нұр-Сұлтан қаласында – 152,
* Алматы қаласында – 75,
* Шымкент қаласында – 12,
* Ақмола облысында – 74,
* Ақтөбе облысында – 57,
* Алматы облысында – 5,
* Жетісу облысында – 15,
* Атырау облысында – 22,
* Шығыс Қазақстан облысында – 16,
* Абай облысында – 20,
* Жамбыл облысында – 11,
* Батыс Қазақстан облысында – 89,
* Қарағанды облысында – 109,
* Ұлытау облысында – 19,
* Қостанай облысында – 68,
* Қызылорда облысында – 14,
* Маңғыстау облысында -28,
* Павлодар облысында – 58,
* Солтүстік Қазақстан облысында – 48,
* Түркістан облысында – 6.

Сақтанып жүріңіздер!🙌🏻

2️⃣ Көшеде түкіргендер бейнебақылау камералары арқылы анықталатын болды. Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2 бабы бойынша 5 АЕК (15 315 теңге) мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.

Естеріңізге сала кетсек, 17 тамызда мәслихат депутаттары қоғамдық орындарда, соның ішінде көлікпен жүріп түкіргені үшін жауапкершілікті күшейту мәселесін көтерген.

«Қазіргі кезде ондай бұзушылықтар автоматты түрде бейнебақылау камералары арқылы анықталады. Сондай-ақ,, полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтарды тікелей анықаса, я болмаса, азаматтардан шағым түскен жағдайда тиісті шара қолданылады», – дейді полицейлер.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2 бабы бойынша 5 АЕК (15 315 теңге) мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған. Ал құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшерін екі есеге (30 630 теңге) артады. Оны 7 күннің ішінде төлесе, айыппұл мөлшері екі есеге қысқарады.

«Кеше ғана 17 бұзушылық анықталды, ал түнде 6 адам жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін жауапқа тартылды. Егер сіз құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, оны түсіріп алып, «102» телефон нөміріне немесе мобильді қосымша арқылы хабарлап айтуыңызды сұраймыз», – деп атап көрсетті департамент мамандары.

Тәртіпке бағынған құл болмайды!👍 Келісесіз бе?)

3️⃣ Қызылордада жас жігіт кәріз құдығына құлап кеткен сәбиді алып шықты. Әзірге олардың аты-жөні белгілі болмады.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға облыс орталығындағы супермаркет маңында болған. 2-3 жас шамасындағы бала төрт метрдей тереңдіктегі кәріз құдығына құлап кеткен. Оның артынан белгісіз жасөспірім шұңқырға секіріп, сәбиді алып шыққан. Бұл туралы sputnik.kz хабарлады.

Құлаған бала мен жасөспірім аман-есен. Жедел жәрдем қызметі қызметкерлерінің айтуынша, сәбидің ата-анасы олардан көмек сұрамаған. Бұл факт ТЖД-да да тіркелмеген. Жасөспірім кім екені де анықталған жоқ.

«Қызылорда су жүйесі» МКК мамандары құдық жабылғанын айтты.

«Біздің мамандар оқиға болған ауданда Kaspi bank ғимаратына келген ауыр көліктер кәріз қақпағын жылжытып кеткенін анықтады. Қызметкерлер тиісті жұмыстарды жүргізіп, қақпақты дәнекерледі», – дейді кәсіпорын өкілдері.

Игілікті іс жасайтын азаматтарымыз көбейе берсін!👏🏻👏🏻👏🏻