Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Алдағы тәулікте Қазақстанда 45 градусқа дейін ыстық болады.
“Қазгидромет” РМК Қазақстан бойынша 25-27 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжауынша, алдағы тәуліктерде антициклон екпіні циклонды республиканың солтүстік-батысына қарай бірте-бірте ығыстырып, атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді.
Еліміздің солтүстік-батысында, 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде солтүстікте нөсер жаңбыр жауады.
Ауа температурасы күндіз батыста +23+33°С, солтүстік-батыста +15+28°С, солтүстікте +18+28°С, орталықта +25° +35°C градусқа дейін төмендейді. Ал, республиканың шығысында ауа температурасы +25+37°С, оңтүстігінде +35+45°С, оңтүстік-шығыста +35+43°С дейін көтеріледі.
Күн көзінен сақтанып жүріңіздер!📌
2️⃣ Түркістандық жастар Оңтүстік Кореяда визасыз жұмыс істеуге мүмкіндік алмақ.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістан облысында ашылатын оңтүстіккореялық университеттің филиалын бітірген студенттер аталмыш елде визасыз жұмыс істеуге мүмкіндік алатынын жеткізді.
Министр алдағы 1-2 жылдың көлемінде ел аумағында әлемдегі жетекші техникалық университеттердің 5 бірдей кампусы ашылатынын айтты.
Соның бірі қазақстандық жастарға Оңтүстік Кореяда визасыз жұмыс істеуге мүмкіндік бермек.
“Төртінші кампус Түркістан қаласында орын тебеді. Оңтүстік Кореяда WOSONG дейтін жекеменшік университет бар. Облыстың әкімімен бірге ол университетке арнайы барып, кездескенбіз. Сол университеттің кампусын салу үшін ғимарат пен 1,2 гектар жер беріп жатырмыз”, — деді ол.
Ведомство басшысының сөзінше, Оңтүстік Корея жыл сайын 150 мың жұмыс күшін сырттан алдыруға мәжбүр.
“Біз ол университетке құрылысы бітпеген ғимаратты ақысыз негізде береміз. Олар сол құрылысты өз жобасы бойынша аяқтайды. Кейін осы WOSONG-Түркістан университетінің түлектері Оңтүстік Кореяда визасыз жұмыс істей алады. Оқу келесі жылы басталады. Киберқауіпсіздік, компьютерлік инженерия және Data Science бағыттарында маман дайындап бастайды”, — деді Саясат Нұрбек.
Жастарға тамаша қолдау👍
3️⃣ Елімізде кредит пен шағын несиенің пайыздық ставкасы төмендейді.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы ставканы төмендететін қаулы жобасын әзірледі.
Микрокредит бойынша сомасы 45 АЕК (166 140 теңге) дейінгі және 45 күнге дейінгі күнделікті номиналды мөлшерлеменің шекті мөлшерін 1%-дан 0,3%-ға дейін төмендету ұсынылады.
Сонымен бірге жылдық тиімді ставканың шекті мөлшерін 179% деңгейінде белгілеу ұсынылады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциалдық реттеу департаментінің директоры Дәурен Сәлімбаевтың айтуынша, жалақыға дейінгі қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер шамамен 3 есе төмендейді.
Жаңа жоба әзірленген екен🔥