Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!📌
1️⃣ Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов әлем кубогында алтын жүлде алды.
Ол ат снаряды үстіндегі жаттығуда жалпы есепте 15.400 ұпай жинаған. Осыған дейін ақпан айының соңында өткен әлемдік гранттың алғашқы кезеңінде Нариман Құрбанов қоланы қанағат тұтқан еді. Қатар елінде өтіп жатқан екінші кезең мәреге жетті.
Құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻
2️⃣ Биыл Президент стипендиясы 1080 бакалавр студенті мен 8 магистрантқа тағайындалады.
Ашық НҚА порталында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылға арналған Президент стипендиясын беру жөнінде екі бұйрығының жобасы талқыға салынды.
Ондағы мәліметке сәйкес, биыл Президент стипендиясы 1080 бакалавр студенті мен 8 магистрантқа тағайындалады.
Сондай-ақ Президент стипендиясы төрт министрлік арасында бөлінеді.
Ғылым және жоғары білім министрлігі — 1005 бакалавр студентіне және 7 магистрантқа;
Мәдениет және спорт министрлігі — 24 бакалавр және 1 магистратура студентіне;
Денсаулық сақтау министрлігі — 6 студентке;
Ауыл шаруашылығы министрлігі — 45 студентке тағайындайды.
Президенттік стипендия алған студенттері бар жоғары оқу орындары арасында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті(102), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (96), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (94), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті(60), А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті (55), Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (47) көш басында тұр.
Саған да алу бұйырсын!🙌🏻😍
3️⃣ 2023 жылғы 2 наурыздағы жағдай бойынша, 7-20-25 бағдарламасын іске асыру аясында 894,9 млрд теңгеге 66 865 қарыз берілді.
7-20-25 — Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін ипотекалық бағдарлама. Қазақстанда тұңғыш рет бағдарламаға қатысушының өзі таңдай алатын құрылыс салушылардың тек бастапқы нарығына арналған тұрғын үй бағдарламасы қабылданды.
Бағдарлама аясында несие алуды қалайтын азаматтар «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-мен арада ынтымақтастық туралы келісімі бар серіктес-банктерге жүгінеді:
* «Банк ЦентрКредит» АҚ;
* «Bereke Bank» АҚ»;
* Қазақстанның Халық Банкі» АҚ»;
* Еуразиялық Банк» АҚ»;
* Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ;
* «Bank RBK» АҚ;
* «Forte Bank» АҚ;
* «Altyn bank» АҚ;
Жеке тұлға 7-20-25 бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
* Қазақстан Республикасының азаматтығы;
* Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы;
* Расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы;
* Ипотекалық кредиттерінің болмауы;
* Бұған дейін 7-20-25 бағдарламасына қатыспауы (7-20-25 ипотекасын бір реттен артық алуға тыйым салынған);
Ал сіз 7-20-25 бағдарламасы бойынша үй алдыңыз ба?🤔