Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Батырлардың құрметіне 6 сәуірде Эверестке экспедиция ұйымдастырылады.
Kazakh Everest Team қазақстандық спорттық-патриоттық экспедициясы осы жылдың 6 сәуірінде басталады.
Шыңға шығу Ұлы Отан соғысының батырлары Сағадат Нұрмағамбетовке, Рахымжан Қошқарбаевқа және Әлия Молдағұловаға арналады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті.
Экспедицияны белгілі қазақстандық альпинист, ҚР Қарулы күштері Тау даярлығы орталығының нұсқаушысы майор Мақсұт Жұмаев басқарады. Kazakh Everest Team құрамында жеті адам, оның ішінде скайраннер-спортшы Анар Бурашева бар.
Альпинистер Эверестке көтеріліп, Қазақстанның Мемлекеттік туын тігуді мақсат етіп отыр.
«Біз ел тарихының жаңа беттерін жазып қана қоймай, спортшылардың жас буынын шабыттандыруымыз керек, – деді Мақсұт Жұмаев. – Егер қазіргі заманғы қыздардың ең биік шыңдарды ер адамдармен тең дәрежеде бағындыруға дайындығы мен күші болса, онда біз оларға бұл қадамды жасауға көмектесуіміз керек».
Эверест шыңына (8849 м) шығар алдында экспедиция мүшелері ауа райының қолайлы болуын күтеді. Эверестегі табиғи жағдайлар төтенше – дауылды желдер, минус 50°C дейінгі аяздар, көшкіндер, жартастар, мұз жарықтары және жауған қар. Жоспар бойынша өрмелеу 12-16 сағатқа созылады. Түсуге 6-8 сағаттай кетеді және шыңға шығу сияқты ептілік пен жинақылықты қажет етеді.
Мақсұт Жұмаевтың айтуынша, оның ең маңызды міндеті – экспедиция мүшелерінің өмірі мен денсаулығын сақтау. Кәсіпқойлық, тәуекелге көп бармау және топ мүшелерінің тәртіпке бағынуы – аңызға айналған альпинист басшылыққа алатын негізгі қағидалар.
Мұнда альпинистер Эверестке көтеріліп, Қазақстанның Мемлекеттік туын тігуді мақсат етіп отыр.😍
2️⃣ Алматыда 6-7 сәуір күндері Шымбұлақ тау курортының аумағында Winter Jungle спорттық-музыкалық фестивалі өтеді.
Екі күнге жалғасатын фестивальде түрлі спорттық және музыкалық бағдарламалар болады. Атап айтқанда Big Air, Jibbing, The Battle және Jungle cross форматтары бойынша сноубордшылар мен шаңғышылар арасында жарыстар өтеді.
Қазақстандық спортшылардан бөлек Ресей, Польша, Австрия, Финляндия, Франция және Сербия шаңғышылары қатысады. Фестивальдің жалпы жүлде қоры — 7 000 000 теңге.
«Біздің мақсатымыз — Қазақстандағы экшн-спорт мәдениетін дамытуға үлес қосу! Осы жылғы фестивальден керемет көңіл-күй күтемін. Жаңа адамдармен танысып, шабыт аламыз деп ойлаймын. Сол себепті экстремалды спортпен айналысатын жарқын жастарды күтемін» — дейді фестиваль продюсері Александр Кучура.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль қонақтарын спорттық жарыстардан бөлек алуан түрлі музыкалық бағдарлама күтіп тұр.
Кіру тегін екен!📌
3️⃣ Қазақстан НЗМ бойынша дарынды балаларды оқытуға берілетін гранттардың көлемін ұлғайтты.
Білім министрінің 2024 жылғы 27 наурыздағы бұйрығымен дарынды балаларды дербес білім беру ұйымында оқытуға ақы төлеуге арналған ҚР Президентінің «Өркен» білім беру грантын «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде» тағайындау және мөлшері туралы ережеге өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, ережедегі бірнеше пункт жаңа редакцияда баяндалған.
Осылайша, мектептегі оқушы Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде, сондай-ақ жұмыс органының жарғысында көзделген негіздер бойынша оқудан шығарылған жағдайда гранттан айырылады делінген.
Мектептен шығару негіздері әр оқушының ақпараты үшін жалпыға қолжетімді жерде жарияланады.
Содан кейін босатылған гранттар ережеге сәйкес тағайындалады.
Грант республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Керемет! Оқушылар үшін жақсы мүмкіндік екен.👍