Курс, Көкпар, Университет.19 қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 19 Қыркүйек, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстанда аудармашылардың біліктілігін арттыру үшін Skills Enbek платформасында курстар пайда болды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстан аударма академиясы Орталық Азия аумағында қосымша кәсіптік білім беру және білікті аудармашыларды оқыту қызметтерін ұсынады. Курстарды тәжірибелі отандық және шетелдік оқытушылар мен аудармашылар әзірлеген.

Мәліметке сүйенсек, онлайн оқыту қазақстандықтарға біліктілігін арттыруға, практикалық дағдыларды алуға және жаңа салада өз мансабын бастауға мүмкіндік береді.
Еске салайық, Skills Enbek платформасы маркетплейс қағидаты бойынша курстарға қолжетімділік беретін халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық баламасы болып табылады. Платформада кез келген адам оқи алады және оқуды аяқтағаннан кейін алынған сертификаттар мен дағдылар Электрондық еңбек биржасындағы түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі.

Керемет мүмкіндік!😍

2️⃣ Францияда қазақ көкпары туралы көрме ашылды.

Француздың деректі фотографы ежелгі көшпелілер ойыны туралы баяндайтын бірқатар жұмысты көрерменге ұсынды.👍🔥

Бұл туралы «Хабар 24» мәлімдеді.

Габриэль Гоффр өткен жылдың соңында Қазақстанға келген. Мақсаты – қазақтың ұлттық спортын көріп, оны фотоға түсіру. Ал фототүсірілім үшін Габриэль Шымкент маңындағы ауылдық жерлерге барған. Ол кәсіпқой емес, әуесқой спортшылар шұғылданатын ойын түрлерін түсіргісі келген. Әлемнің жартысын аралаған фотограф қазақстандық сапардан үлкен әсер алған. Жақын арада ол жаңа шығармашылық жобаны жүзеге асыру үшін тағы да Қазақстанға келуді көздеп отыр. Айтпақшы, париждіктер Гоффрдің кейбір жұмысын жеке коллекцияларға сатып алды.

«Бұл көрме Қазақстанды көрсету үшін жасалды. Францияда шын мәнінде не екенін білетін адамдар аз. Жаман да, жақсы да суреттер жоқ. Бұл тек бір бөлігі ғана, ал олардың көпшілігі Қазақстанда түсірілген. Мен қазақтар мақтан тұтатын және мені таңғалдыратын нәрсені ұсынғым келді», – дейді деректі фотограф Габриэль Гоффр.

Ал қазақтың көкпарын білгісі келіп, көрмеге келген француздардың алған әсерлері де ерекше.

3️⃣ Қазақстанда Алматыдан Қонаевқа төрт университет көшіріледі.

Ғылым және жоғары білім министрлігіне мәліметінше, төрт университет те Алматыдан көшіріледі.

«Еліміздің барлық жоғары оқу орындарына Қонаевқа көшу туралы ұсыныс жібердік. Алдын ала тек төрт жоғары оқу орны келісім берді. Қазір олармен жұмыс жүргізіліп жатыр, яғни мәселені одан әрі пысықтау. Біз жиналыстар өткіземіз. Егжей-тегжейі белгілі болғаннан кейін, менің ойымша, жақын арада қосымша хабарлаймыз. Бірақ бұл оқу орындарының атауын әлі бере алмаймыз», – деді министрліктің баспасөз қызметі өкілі.

Бұл өзгеріске көзқарасыңыз қандай?🤔