Құламбаева,Қызылша, Клинт Иствуд. 3 сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 03 апреля, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ 92 жастағы Клинт Иствуд өзінің соңғы фильмін түсіріп жатыр.

Актер Клинт Иствуд соңғы фильмінің түсірілімін бастады. 92 жастағы өнер иесі Warner Bros үшін түсірілетін жобаны да басқармақ. Иствуд студиялық таспалармен 50 жылдан аса уақыт жұмыс істеп келеді. Актер «2- алқаби» атауымен триллер түсірумен айналысады.

Бұл — Иствудтың соңғы фильмі. Ол жәбірленушінің өліміне себепкер болуы мүмкін екенін түсінген алқаби туралы айтады.

Асыға күтеміз!😍🤲🏻

2️⃣ Алматыда қызылшамен 73 адам ауырып жатыр.

«Осы жылдың 3 сәуіріндегі жағдай бойынша қызылшаға байланысты 73 жағдай тіркелді. Оның ішінде 7 жағдай бір жасқа дейінгі балалар арасында, 38 жағдай 1 жастан 4 жасқа дейінгі балалар арасында, 15 жағдай 5 пен 9 жас аралығында, жеті жағдай – 10-14 жас аралығындағы балалар, төрт жағдай – 20 мен 29 жас аралығындағы адамдар, екі жағдай – ересектер арасында тіркелген», — деді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Сақтанып жүріңіздер!🙌🏻

3️⃣ Қазақстандық теннисші Құламбаева Түркиядағы турнирдің абсолютті чемпионы атанды.

Қазақстандық теннисші, әлемнің 446-ракеткасы Жібек Құламбаева Түркияның Анталья қаласында өткен ITF W15 турнирінің абсолютті чемпионы атанды.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 622-орында тұрған чехиялық Дениса Хиндовамен бас жүлдені сарапқа салып, 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Жарайсыз!👏🏻👏🏻👏🏻