Әлем кубогы, Мұқағали фильмі, Азия чемпионы.31-ші қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 31 Қазан, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Монреальда өткен Әлем кубогында екінші орын алды.

Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Ерлер құрамасы 7:07, 972 нәтижесімен мәреге екінші болып жетті. Бірінші орынды Оңтүстік Корея иеленсе, қола медаль Канадаға бұйырды.
Әлем чемпионатының келесі кезеңі АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді.

Жеңіс құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ «Мұқағали» фильмі Дубайдағы кинофестивальде бас жүлде алды.

Әлемнің 25 елінен 70-тен асқан фильм қатысқан кинофестивальде қазақстандық «Мұқағали» фильмі бас жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы «Қазақфильм» баспасөз қызметі хабарлады.

Meta Film Fest, Таяу Шығыс, Азия және Африка киноиндустриясын қамтитын жаңа халықаралық кинофестиваль 27 қазанда Джумейра Пальмасындағы Nakheel Mall-дағы Vox Cinemas кинотеатрында басталды.

Айта кетейік, «Мұқағали», «Ұлы дала таңы», «Ақын» және «Конокрады» атты төрт қазақстандық фильм байқау бағдарламасына таңдалған болатын.
Белгілі қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұқағали» картинасы оның өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Фильмді мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

Таспаның сценарийін белгілі қазақстандық жазушы Жүсіпбек Қорғасбек режиссер Болат Қалымбетов және Ғазиз Насыровпен бірлесіп жазды. Фильм қазақстандық прокатқа 2021 жылдың 21 қазанында шыққан болатын.

Фильмнің әлемдік премьерасы 25-ші (PÖFF) Таллин кинофестивалі аясында өтті, онда қазақстандық картина экуменикалық қазылар алқасының жүлдесіне ие болды. Осы жылдың наурыз айында өмірбаяндық картина Кераладағы (Үндістан) 26-шы Халықаралық кинофестивальдің «Әлемдік кино» секциясында ұсынылды. Жақында «Мұқағали» фильмі Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, фильм Гатчинадағы (Ресей) «Әдебиет және кино» халықаралық кинофестивалінде қоюшы-суретші Ермек Өтегеновтың үздік жұмысы үшін қазылар алқасының арнайы дипломына ие болды.

Керемет, бұл фильмді тамашалаған ба едің?😍😍😍

3️⃣ Шымкенттік полицей Азия чемпионы атанды.

Жарыста Азияның 22 мемлекетінен келген 500-ге жуық спортшы өзара бақ сынасты. Чемпионатқа Қазақстанның намысын қорғауға үздік 37 спортшы барды.

Шымкент қаласы полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы Қымбат Ахмет 47 келі салмақта Азия чемпионы атағын жеңіп алды.

Абыройды асқақтатып жүретін азаматтарымыз көп болсын!🔥🔥🔥