Лионель Месси, Шәкіртақы, Бокс. 3 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 03 Қаңтар, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Халықаралық бокс рейтингінде Қазақстан құрамасы көш бастады.

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) рейтингінде Қазақстан құрамасы бірінші орында тұр. Бұл жөнінде ҚР бокс федерациясынан мәлім етті.

«Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің есебінде 48 100 ұпай бар. Екінші орындағы Өзбекстан боксшыларында – 37 600 ұпай болса, үздік үштікті 36 300 ұпаймен Үндістан боксшылары түйіндеп тұр», – деп жазылған федерация таратқан хабарламада.

Ведомство мәліметінше, IBA рейтингінде барлығы 135 ұлттық федерация боксшылары ұсынылған.

Керемет! Спортшыларымыздың жеңісті күндері көп болғай!👏🏻👍

2️⃣ Лионель Месси 2022 жылғы халықаралық матчтердегі сұрмергендердің рейтингінде көш бастады.

Рейтингіде клуб пен ұлттық құрамаға соққан голдар есептелді.

Месси 22 гол соққан. Оның төртеуі клуб үшін, ал 18-і ұлттық құрама үшін. Үздік үштікке, сонымен қатар, француз Килиан Мбаппе 21 (9+12) және аргентиналық Жулиан Альварес 15 (8+7) кірді.

Ең көп гол салған 10 ойыншы:
1. Лионель Месси (ПСЖ, Аргентина)
2. Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция)
3. Джулиан Альварес («Манчестер Сити», Аргентина)
4. Эрлинг Холанд («Боруссия Дортмунд», «Манчестер Сити», Норвегия)
5. Садио Мане («Ливерпуль», «Бавария», Сенегал)
6. Роберт Левандовски (Бавария, Барселона, Польша)
7. Педро (Фламенго, Бразилия)
8. Эльдор Шомуродов (Рома, Өзбекстан)
9. Ришарлисон («Эвертон», «Тоттенхэм», Бразилия)
10. Мохамед Салах («Ливерпуль», Мысыр).

Мессидің жанкүйерлері үшін жақсы жаңалық екен!😍🔥

3️⃣ 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап университет студенттерінің шәкіртақысы 20 пайызға, ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15 пайызға өседі.

Сонымен қатар 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 70 000 теңге болады.

Ал балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледж педагогтерінің, қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы 25 пайызға өседі.

Сонымен қатар, мұғалімдер алатын жалақыға қосымша төлемдер белгіленеді.

Арамызда студенттер бар ма?🤔