Ұлттық қор, Жалақы,ҰБТ. 9 маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 09 Маусым, 2023


Кеш жарық, құрметті оқырмандар! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ Ұлттық қордан әр балаға шамамен 1,5 миллион теңге төленеді.

«Балаларға арналған ұлттық қор» жобасы аясында әр балаға шамамен 1,5 миллион теңге төленеді. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді.

Оның айтуынша, балалар 18 жасқа толғаннан кейін төлем ала алады. Барлық жаңа туған балалар мен 18 жасқа толмағандар туралы мәліметтер базасы Әділет министрлігінде сақталады.

«Жалпы, 18 жасқа дейін әр балаға Ұлттық қордан бір жарым миллион теңгеге жуық жәрдемақы төленеді. Мемлекет басшысының бұл қадамы, көп отбасыға үлкен қолдау деп ойлаймын», – деді ол «Жибек жолы» телеарнасына берген сұқбатында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Парламент Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төленетін төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдаған болатын.

Әр отбасыға үлкен қолдау болайын деп тұр екен!🔥

2️⃣ Балалармен жұмыс істейтін мамандардың жалақысы 30%-ке көтеріледі.

Оқу-ағарту министрлігі қыркүйек айында тәрбиешілердің жалақысы 30 процентке өсетінін хабарлады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25%-ке өсті. Биыл 1 қыркүйектен бастап тағы 30%-ке өседі. Осылайша еліміздегі 97 мыңнан астам педагогтің жалақысы 2,5 есеге артады», – дейді мектепке дейінгі білім департаментінің мамандары.

Бүгінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша кадрлар даярлау 39 жоғары оқу орны мен 119 колледжде жүзеге асырылады. Педагогикалық колледждерге қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралды.

Биыл биыл мектепке дейінгі білім берудің 20 мыңнан астам педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Тәрбиешілер үшін жақсы жаңалық болды!😍

3️⃣ Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу үшін 2023-2024 оқу жылына ҰБТ-ның шекті балдары бекітілді.

Шекті балл туралы ақпаратты Ұлттық тестілеу орталығы жариялады.
Кейбір бағыттар бойынша оқуға түсу үшін 100 және одан көп балл жинау қажет.

«Стоматология» бағыты бойынша кемінде 130 балл жинау керек;

«Фармация» – 120 баллдан кем емес;

басқа медициналық бағыттар бойынша – кем дегенде 100 балл;

«Құқық» және «Педагогика ғылымдары» бағыттары бойынша – кем дегенде 75 балл;

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» – кем дегенде 70 балл;

«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» – кем дегенде 60 балл;

ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кем дегенде 65 балл;

басқа жоғары оқу орындарына – кем дегенде 50 балл.
Жоғары оқу орындары оқуға түсу үшін бұдан да жоғары шекті балл белгілей алады.

Ал сен ҰБТ-дан неше балл жинадың?🤔