Мұғалім, оқушылар, Медаль. 5 қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 05 октября, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы екі алтын медаль түсті.

Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков Қазақстан құрамасының қоржынына жетінші алтын медальді салды.

69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда БАӘ келген қарсыласы Мұхаммед әл-Суваидиді 4:2 есебімен жеңді. Бұл Азия ойындарында Қазақстан құрамасының жетінші алтын медалі.

Сонымен қатар каратэден 75 кг салмақ дәрежесінде қарсыласы иорданиялық Хасан Масарвехті 8.0 есебімен жеңген Нұрқанат Әжіқанов қоржынға сегізінші медальді салды.

Екі спортшыны да туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев құттықтап, табыс тіледі.

Құтты болсын!🔥

2️⃣ Елімізде оқушылардың оқу және демалыс уақыты бекітілді.

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023–2024 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті.

Орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылы 1 қыркүйекте басталды, 25 мамырда аяқталады.
Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта, күзгі каникул 30 қазаннан 5 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.
Екінші тоқсанда 8 оқу аптасы, қысқы каникул 2023 жылдың 29 желтоқсанында басталады, 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады.
Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 11 күндік көктемгі каникул 2024 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызға (қоса алғанда) дейін жалғасады.

Айта кетері, жыл сайын бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда қосымша демалыс беріледі, ұзақтығы 7 күн – 2024 жылдың 5 ақпанынан 11 ақпанға (қоса алғанда) дейінгі уақытты қамтиды. Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ 25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады.

1-сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда қосымша 7 күн демалыс беріледі.📌

3️⃣ 7 мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді.

Аталған марапат мына мұғалімдерге салтанатты түрде табысталды:
— Еңбек ардагері Майра Мәмбетова (Алматы қаласы);
— Қожаберген жырау атындағы орта мектеп мұғалімі Айжан Қапезова(Петропавл қаласы);
— С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының мұғалімі Роза Салимова (Түркістан облысы);
— А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназия мұғалімі Сәбира Күлпейісова (Қарағанды қаласы);
— академик Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің мұғалімі Сәбит Ибадуллин (Павлодар облысы);
— Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің мұғалімі Айгүл Ержанова (Астана қаласы);
— Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі Баян Базарғалиева.

Керемет! ✔️