Мәдениет, Диснейленд,Теннис. 24 қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 24 сентября, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Елордада Диснейленд салынады

Бұл туралы “Astana Invest” басқарма төрағасының орынбасары Орынбек Қуаныш мәлім етті.

Instagram-дағы architecture_astana парақшасында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Шанхайдағы Диснейлендке балама аттракциондар паркі Қазақстан мен Қытайдың мәдени ерекшеліктерін ұштастыратын болады.

“Инвесторлар жобаның жоғары сапасы мен бірегейлігін қамтамасыз ету үшін Шанхай қаласындағы Диснейлендті жасаған жобалаушыларды тартуға ниетті екендігін хабарлады. Аталған саябақтың негізгі идеясы — балалардың тек көңіл көтеріп қана қоймай, ойын арқылы екі елдің мәдениетінің бай екендігін және алуан түрлілігін үйренуі және сезінуі”, — делінген таратылған ақпаратта.

Оған “Жібек жолы” деген атау берілетін көрінеді🔥

2️⃣ Астанада тұғыш рет үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді

Үстел теннисінде әлем үздіктері азиялық спортшылардан құралғаны жасырын емес. Сондықтан, жанкүйерлер өте тартысты кездесулердің куәсі болмақ, деп жазады Olympic.kz.

Азия чемпионаты спортшылар деңгейі мен бәсекелестік жағынан әлем біріншілігінен кем түспейді. Оның үстіне, әлемдік спортта сары құрлық өкілдері үстемдік танытатыны анық.
Мәселе, 2023 жылғы әлем чемпионатында жүлдегерлер үштігі тек қана азиялықтардан құралды: Қытай бірінші, Оңтүстік Корея екінші, Жапония үшінші орын иеленді (ӘЧ тарихында Қытай жалпы есепте алда келеді). Сондықтан, Азия біріншілігін әлем алыптарының айқасы деп сеніммен атауға болады.

Қытай құрамасынан көшбасшылықты тартып алу қиын. 1952 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Азия біріншілігінде (алдымен TTFA, кейін АТТU ұйымдастырды) қытайлықтар жалпы есебі 135 алтын, 84 күміс және 108 қола медаль еншілеген. Екінші орында келе жатқан Жапония қоржынында 18 алтын, 24 күміс және 71 қола медаль бар. Қазақстан спортшылары Азия біріншілігінде бірде-бір рет тұғырға көтерілген жоқ.

Керемет! Сәттілік!👍

3️⃣ Қазақстанда Әзербайжанның мәдениет күндері басталды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға ресми сапары барысында өзара Мәдениет күндерін өткізу туралы келісімге қол жеткізілгені айтылды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің қарым-қатынасын нығайтуда мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл ерекше рөл атқаратынын атап өтті», — делінген хабарламада.

24 қыркүйекте «Физули-530» кітабының тұсаукесері және этно-джаз концерті өтеді. 25 қыркүйекте Қазақстан мен Әзербайжанның ұлттық кітапханалары арасында меморандумға қол қою, Эльмира Ахундованың кітабын таныстыру, сондай-ақ «Әзербайжан өнерінің інжу-маржандары» көрмесінің ашылуы және би ансамблінің концерті өтеді.

26 қыркүйекте Әзербайжанның заманауи өнері және томрис иконографиясы туралы дәрістер өткізіледі. Басты оқиға 26 қыркүйекте Қ.Қуанышбаев атындағы ұлттық музыкалық-драма театрында өтеді. Гала-концертте Әзербайжанның халық әртістері өнер көрсетеді.

26 қыркүйекке дейін жалғасын табады екен📌