Мәдина Темірғалиева, Болашақ бағдарламасы, Ратник. 21-ші тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 21 Тамыз, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Алматылық дизайнер Мәдина Темірғалиева қазақша стильдегі матрешкаларды жасап жүр. Бүгінде туристер арасында қазақ матрешкаларына сұраныс жоғары.

Бұл туралы #Үйдежатпа inAlmaty.kz порталына сілтеме жасап хабаралайды.

Қазақ өнеріне өзгешелік енгізіп жатқан жас дизайнер Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Ағашты өңдеуге қолы шебер қыз қазақ матрешкаларын шығаруды қолға алды.

Ұлттық нақышта жасалған бұйымдар кез келгеннің көзіне оттай басылады. Бірі торсық ұстап тұрса, енді бірі қымызға толы кесе ұсынып тұр. Мәдина Темірғалиева матрешкалардың алты нұсқасын жасады.

Әр нұсқада бес дана матрешка бар. Қазақ матрешкаларына сұраныс жоғары.

Жас дизайнер ата-бабаларымыздың музыкалық мұрасын көпшілікке насихаттағысы келеді. Сол себееті қолдарында домбыра, қобыз және тағы басқа аспаптарды ұстап тұрады.

Керемет!😍😍😍 Ал сен көрдің бе?)

2️⃣ “Болашақ” бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту үшін өтініштер 2022 жылдың 14 қазанына дейін eGov.kz порталы арқылы қабылданады. Мұнда 110 шәкіртақы бөлінген.

5 қыркүйектен бастап Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтуге құжаттар қабылдау басталады. Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылы тағылымдамадан өтуге жұмыскерлердің мынадай санаттары бекітілген: инженерлік-техникалық қызметкерлер, медицина қызметкерлері, мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері, БАҚ қызметкерлері, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтері.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуге арналған басым мамандықтар тізімінде 158 мамандық бар.
Өтініштерді қабылдау және «ғалымдар» санаты бойынша тағылымдамадан өтуге конкурстық іріктеу бөлек жүргізіледі. Уақыты кейінірек хабарланады.

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!👍

Һ

3️⃣ Арменияның Дилижан қаласында өтіп жатқан «Әлем жауынгері» байқауының «Ратник» кезеңінде қазақстандық команда ерлер арасындағы әскери-қолданбалы кешенде жеңіске жетті.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық артиллеристердің, әскери топографтар мен атқыштардың сенімді жеңісінен кейін Қазақстанның тағы төрт командасы Әзербайжан, Армения және Ресейдегі жарыс алаңдарында өнер көрсетуін жалғастыруда.

Арменияның Дилижан қаласында өтіп жатқан «Әлем жауынгері» байқауының «Ратник» кезеңінде қазақстандық команда ерлер арасындағы әскери-қолданбалы кешенде жеңіске жетті. Екінші орында – Беларусь, үшінші орында – Ресей.
Дүйсенбіде атыс жаттығуларынан, әскери-медициналық және әскери-қолданбалы кешендерден тұратын кезеңнің соңғы қорытындысы шығарылады.

Кабардино-Балкарияда «Терскол» тау дайындығы оқу орталығында «Эльбрус сақинасы» конкурсында көшбасшылық үшін табанды күрес жалғасып жатыр. Бір күн бұрын әскери альпинистер тоғызыншы арнайы тапсырманы орындады. Жартас учаскесінен өту жарысында Қазақстан командасы үшінші нәтиже көрсетті. Бірінші орында – Ресей, екінші орында – Өзбекстан.

Құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻