Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңызға бүгінгі күннің кезекті ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!✔️
1️⃣ Елімізде мәһір сұрауға тыйым салынды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылмандық некенің шарты болып саналатын мәһр мәселесіне байланысты шешім шығарды.
Айтуларынша, қазақ дәстүріндегі қалыңмалды ислам шариғатындағы мәһір деп есептеуге қатысты ғалымдардың бірнеше көзқарасы бар.
“1. Кейбір Хорезмдық және одан да басқа ғалымдар қыздың артынан келетін қалыңмалды тездетіп берілетін мәһір деп санаған.
Имам әл-Касани: “Неке қию барысында қыз разылығын ашық айтуға ұялғанындай, мәһірін сұрауға да қысылады. Қыздың үндемеуі оның разылығын білдіргеніндей, мәһірін әкесі алып жатқанда да үндемеуі разы екендігін білдіреді. Әдетте әкесі мәһірді алғаннан кейін үстіне қаражат қосып, қыздың артынан жиһазын алып барады”, – деген.
2. Кейбір ғалымдар қалыңмалды ұзатылып жатқан қызға белгілі бір нәрсенің (жиһаз т.б.) есесіне берілетін сыйлық деген.
Ибн Абидин: “Неке қиярда “дустиманды” мәһір деп айтса, онда ол тездетіліп берілген мәһір есебінде болады әрі күйеуі жасауын алып келуді талап ете алмайды. Ал неке қиярда мәһір деп айтылмаса, ол қарымта қайтару шартымен берілген сыйлық болып саналады. Мұндай жағдайда әдет-ғұрыпқа сай қыз тарапынан жасау талап ете алады”, – деген” деп келтіреді діни басқарма.
Мүфтият қазақ дәстүрінде қалыңмал қалыңдық үшін берілетін мал-дүние екенін, егер екі жас ажырасқан жағдайда қалыңдық малы қыздың иелігінде қалатынын атап өтіп, осы тұрғыдан қалыңмалды мәһір деп санауға болатынын жариялады.
“Ал “әке еңбегі”, “ана сүті” т.с.с. қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік мәһірге саналмайды. Сондай-ақ, қыздың жасауын әкесі өз мүлкінен алып берсе, бұл мәһір болып есептелмейді.
Қалыңмал берілмейтін өлкелерде неке қию барысында мәһірді белгілеуі тиіс. Мәһір белгіленбеген жағдайда некесі дұрыс болады. Бірақ күйеуі мәһір-мисл береді.
Шешім:
1. Күйеуі тарапынан берілетін қалыңмалды қыздың разылығымен мәһірге жатқызуға және артынан алып баратын жасауына пайдалануға болады.
2. «Әке еңбегі», «ана сүті» секілді қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік (кәдесый, т.б.) мәһірге жатпайды.
Бұл шешімге қалай қарайсыз?🤔
2️⃣ Шымбұлақ тау-шаңғы курортында қысқы маусым 23 қарашада ашылады
Маусымның басталуы туралы ресми хабарлама курорттың Telegram-арнасында жарияланды.
“Техникалық ашылу күндерін жариялаймыз. Биылғы қысқы маусым 23 қарашада, сенбі күні ашылады”, – делінген ұйым хабарламасында.
Ресми ашылу желтоқсанда өтетіні нақтыланды, себебі трассаларды дайындау үшін көбірек уақыт пен қар қажет. Түнгі сырғанаулар желтоқсанға қарай басталады.
Сонымен қатар аспалы жолдардың жұмыс режимі туралы мәліметтер берілді:
Медеу — Шымбұлақ – 8:30-дан 18:00-ге дейін;
»Комби-1″ – 9:00-ден 17:00-ге дейін;
»Комби-2″ – 9:00-ден 16:30-ға дейін;
Сол Талғар – 09:30-дан 15:30-ға дейін;
ККД-4 – 09:30-дан 17:30-ға дейін.
Тамаша!😍
3️⃣ Бұдан былай мектептерде тамақтандыру сапасы күнделікті тексеріледі
Қыркүйек пен қазан айларында мектеп асханаларының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне мониторинг жүргізілген.
«Республикалық тексеру нәтижелері мектептегі тамақтану сапасына жергілікті атқарушы органдардың бақылауының әлі де жеткіліксіз екенін көрсетті. Бұл заңнама талаптарының жиі бұзылуынан байқалады. Мониторинг барысында 771 түрлі бұзушылық анықталғанын ерекше атап өткім келеді», – деді министр Үкімет отырысында.
Министрлік сонымен қатар жергілікті әкімдіктердің мектепте тамақтануды ұйымдастыру жұмыстарына кешенді бағалау жүргізген. Бұл ретте бірнеше факторлар ескерілген:
* Тамақтану сапасына қатысты мониторинг нәтижелері;
* Асханалардың материалдық-техникалық базасы;
* 1 оқушыға шаққандағы тамақтану құны;
* Ата-аналар арасында жүргізілген сауалнамалардың қорытындылары.
«Мысалы, Жамбыл, Маңғыстау, Алматы, Атырау облыстары мен Шымкент қаласы әкімдіктері мектептерде сапалы тамақтануды ұйымдастыруға жеткілікті көңіл бөлмей отырғаны анықталды. Бұл өңірлерде бақылауды күшейту қажеттігі айқын көрініп отыр. Осыған байланысты министрлік өнім берушілерді іріктеу талаптарын бұзған лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапқа тарту жөніндегі ұсынысты пысықтап жатыр», – деді Ғани Бейсембаев.
Ата-аналар мен оқушылар үшін жақсы жаңалық екен👍