Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Алматыда 12 тегін мұз айдыны жұмыс істейді
Мұз айдындары күн сайын келесі мекенжай бойынша жұмыс істейтін болады:
* Республика Сарайының алдындағы Абай алаңы; * Halyk Arena; * 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ; * Тұңғыш Президент саябағы; * Наурызбай ауданының әкімдігінің алдындағы алаң; * ҚБТУ тұрағы; * «Авиатор» стадионы; * Көкжиек шағын аудан; * «Гүлдер» саябағы; * Алматы Арена; * №6 оқушылар үйі; * Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспрімідер теартының алды. Жоба бұқаралық спортты дамыту аясында және қала тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыру мақсатында іске асырылып жатыр.
Коньки тебуге тамаша мүмкіндік🔥
2️⃣ Астналық оқушылар малдың сүйектерінен ерекше туындылар жасап жүр
Астана қаласындағы №105 орта мектебінің 8-9 сыныбының оқушылары көркем еңбек пәнінде малдың сүйектерін тазартып, ерекше бағалы заттар жасап жүр.
Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінше, олар сиыр және қойдың жамбас сүйектерін пайдаланып, сақина, тарақ және ер қанаты аттың үстінде отырған батыр бейнеленген портет пен жіліктен білезік жасап шығарды.
Көші қон байырғы замандағы ата-бабаларымыздың кәсібін бүгінгі заманда қайта өңдеп, құнды заттарды жасауды оқушыларға үйретіп жүрген осы мектептегі көркем еңбек пәнінің ұстазы — Кеңшілік Серік.
Кеңшілік Серік елордаға өткен жылы ғана қоныс аударып келген мұғалім.
Не деген талант!👍
3️⃣ Димаш Құдайбергеннің Қазақстан туралы жаңа бейнебаяны шықты
Бұл туралы ол әлеуметтік желісінде жазды.
“Достар, ерекше ықыласпен және зор қуанышпен бүгін мен сіздерге “Киелі мекен” әніне бейнебаянды ұсынамын. Жаңа музыкалық жұмыс менің Отанымның таңғажайып көркемдігіне арналған. Бейнебаянда біз Қазақстанның бірегей табиғи ландшафттары мен бай мәдениетін паш етуге тырыстық. Мен Қазақстан әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристердің тартылатын орталығына айналатынына сенімдімін, — деп жазды Instagram-дағыпарақшасында Димаш.
Керемет!😍