Мағжан Шамшадин, Олимпиада, Ресей Федерациясы. 16-шы шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 16 Шілде, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Хорватияда өткен турнирде алтын медаль жеңіп алды.

Бұл туралы ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта алтын медаль ұтты. Ол финалда кәріс Вон Джин Кимнен басым түсті.

Құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ Ал физикадан халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар 5 медаль жеңіп алды.😍 Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

«Оқушыларымыз керемет нәтиже көрсетіп, физикадан халықаралық олимпиадада (IPhO) 1 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алды», – деп жазды министр.

Еліміздің намысын 5 оқушы қорғады. Олар 75 елден келген 368 жасөспіріммен сынға түсті. Қазақстандықтар өткен жылы 5 күміске ие болған еді. Осылайша биыл оқушылар былтырғы көрсеткішті жақсарта алды.

Әлемдік деңгейде көріне берейік!🙌🏻

3️⃣ Ресей Федерациясындағы ҚР елшілігі Ресейге оқуға келетін қазақстандық студенттерге үндеу жариялады. Үндеуге сәйкес, Ресейге кірген кезде олар көші-қон картасын толтырып, келу мақсатын «оқу» деп көрсетуі керек.

Бұл туралы елшіліктің ресми сайты мәлімдеді.

«Ресейге кірген кезде күндізгі және кешкі бөлімде оқитын студенттер көші-қон картасын толтырып, келу мақсатын «оқу» деп көрсетуі керек. Келу мақсатының басқа түрлерін көрсету Ресей Федерациясының көші-қон заңнамасын бұзу болып табылады», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, студенттер келген күннен бастап 90 күн ішінде белгіленген медициналық ұйымдарда медициналық тексеруден өтуге тиіс.

Арамызда Ресейде оқитын немесе Ресейге оқуға түскісі келетін студенттер бар ма?🤔