Магистратура, Ескендір Хасанғалиевтің ұлы, Мағжан.Жаралы жолбарыс. 10-шы маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 10 Маусым, 2022


Кеш жарық, көзі қырақты қыздар мен жігіттер!

📌 Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз.

1️⃣ Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау басталды. Тіркеу БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2022 жылдың 15 шілдесіне дейін жүргізіледі.

Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ал кешенді тестілеу 20 шілде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады.

Кешенді тестілеу электронды форматта өткізіледі және үш бөліктен тұрады:

🔹 шет тілі;

🔹 оқуға дайындықты анықтау;

🔹 білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.

📃 Магистратураға тапсыратындар бар ма?)

2️⃣ Ескендір Хасанғалиевтің ұлы әкесінің әнін рұқсатсыз орындаған әнші Qanay-ды сотқа беретінін хабарлады.

Еске салсақ, Qanay лақап атымен танылған Нұрболат Қанай Ескендір Хасанғалиевтің «Бозторғайым» әнін жаңғыртып, бейнебаян түсірген болатын. Бұл әнді әскерге кетіп оралмаған сарбаздарға арнаған болатын.

Алайда әнші Хасанғалиевтің әнін алған кезде композитордың отбасынан рұқсат сұрамаған.

Біржан Хасанғалиевтің бұл әрекетін құптайсың ба?🤔

3️⃣ Петропавлда 4 бөлімнен тұратын «Мағжан. Жаралы жолбарыс» көркем фильмінің түсірілімі басталды.

Аталмыш телехикаяда Мағжанның жастық шағы, 20-27 жас арасындағы бозбалалықтан ақындыққа бет бұруы, ақындықтан қайраткерлікке бет бұрған Мағжанның болмыс-бітімі көрсетіледі. Нақтырақ айтсақ, албырт, бозбала, мінезді, салмақты, 20 жасының өзінде қазақ ұлтына салмақты істер жасап жүрген, осы жастың өзінде артына мол мұра қалдыра білген Мағжанды қазіргі жастарға көрсету.

Тарихи фильмді асыға күтеміз!😍