Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥
1️⃣ Ұлттық қордың ақшасы он сегіз жасқа толғаннан кейін 5-10 жыл сақталады.
Ол 18 жасқа толған балалардың шотындағы ақшаны доллармен төлеу ұсынылып отырғанын айтты.
«Бала он сегіз жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 5-10 жыл сақталады. Осы аралықта ақша қажет болмаса, оны зейнетақы шотына аудару ұсынылып отыр», — деді Темірбеков сенатта өткен отырыста.
Сондай-ақ, оның айтуынша, егер 18 жасқа дейінгі бала шетелге көшіп, Қазақстан азаматтығын өзгертсе, ол Ұлттық қордың ақшасын ала алмайды. Оның қаржысы басқа балалар арасында бөлінеді.
Ал егер азаматтығын өзгертпей, шетелге кетсе, төлем алу құқығы сақталады.
Сонымен қатар, азаматтық заңнамаға сәйкес, жиналған қаражатты мұраға беру мүмкіндігі қарастырылып отыр. Ал бала іс-әрекетке қабілетсіз болса, ата-аналарға, қамқоршыларға заңнамаға сәйкес қаржыны пайдалану құқығы беріледі.
Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді📌
2️⃣ Қазақстанда магистратура грантының құны өседі.
Министрдің айтуынша, елдегі жоғары оқу орындарының көбі әлі зерттеу форматына көшпеген. Оның бірнеше себебі бар. Біріншісі – жоғары оқу орындары ректорларының магистрлар мен PhD-докторанттарды даярлауға қатты мотивациясы жоқ.
«Неге десеңіз, магистр грантының құны – 380 мың теңге. Ал бакалавриат грантының құны – 1 млн теңгеге жуық. Сонда ректор былай ойлайды: мен қазір бакалаврды қабылдасам, ол маған төрт жылда 4 млн теңге әкеледі. Ал магистрды қабылдасам, ол екі жылда маған бір миллион әкелмейді. Сондықтан біз осы жылдан бастап магистратура, докторантура гранттарының құнын өсіреміз», — деді Нұрбек үкімет кулуарында.
Ол магистратура грантының құны кемінде бакалавриатпен теңесу керек екенін атап өтті.
«Осы үш жылдың ішінде олар 1,5-2 млн теңге көлемінде болады», — деді министр.
Ал сен магитратураға түсуді жоспарлап отырсың ба?🤔
3️⃣ Қарағандылық оқушылар Қазақстан тарихын дәріптейтін комикс журнал шығарды.
Қарағандыда Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары «Тарихи хикаялар» сериясымен комикс журнал шығара бастады, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Тарих пәнінің мұғалімі Әсем Тарыбаеваның айтуынша, мақсат – тарих пәніне деген қызығушылықты заман өзгерістеріне сай насихаттау.
«Төменгі сынып оқушылары сурет арқылы ақпаратты тез қабылдайды және аниме, манга жанрына құмар. Мұны кітапханаға комикс сұрап келетін балалардың көптігінен байқап, 11-сыныптың оқушыларына қазақша комикс жасап көруді ұсындым. Олар бірден келісті. Алдымен тақырып таңдап, зерттеп іске кірісіп кетті де көп ұзамай мектеп басшылығының қолдауымен «Қазақ хандығының құрылуы» атты комикс дайын болды», — дейді ол.
Керемет!😍😍😍