Магнус Карлсенді, Интернет, Ауғанстан. 13 қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 13 Қазан, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ 23 жастағы қазақстандық Әлішер Сүлейменов әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді жеңді.

FIDE әлемдік рейтингінде Сүлейменов 528-ші орында, ал Карлсон бірінші орында. Сүлейменов Павлодарда туған. Былтыр шахмат Олимпиадасында ұлттық құрама сапында өнер көрсетті.

«Рейтинг бойынша гроссмейстерімізді 300-ден астам ұпайға басып озған Норвегия чемпионы қарсыласына лайықты құрмет көрсетпей, ойын ортасында бірнеше үстірт қимылдар жасап, лайықты жазасын алды. Әлішердің еңбегіне сай. Ол Магнустың алдында мүлде тартынбағанын атап өткен жөн. Қазірдің өзінде 31-ші қозғалыста. Үлкен шығындарға байланысты Карлсен сағатты тоқтатты. Ал бұл сенімді жеңіс», – деді Қазақстан федерациясы.

Ал Әлішер Сүлейменов көңіл күйінңң керемет екенін жеткізді.

“Айтарға сөзім жоқ. Бұлай болғанына әлі сене алар емеспін. Ойын алдында онымен тең түсудің өзі ғажайып болар еді деп ойлағанмын. Мұны бапкерім дей айтты маған” -, деп ағынан жарылды шахматшы.

Жеңіс құтты болсын!😍👏🏻

2️⃣ 2025 жылдың соңына дейін Қазақстанның ірі қалаларында 5G қосылады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, биыл 700 базалық станция орнатылып жатыр. Ал операторлар бұл көрсеткіштерді жаңартып, жыл соңына дейін мыңнан астам базалық станция орнатады.

«Қазақстандағы ұялы байланыс операторларымыз 2025 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар қалалардың 75%-ін және облыс орталықтарының 60%-тен астамын қамтып, тапсырманы орындайтынына толық сенемін. Әрбір облыс орталығында аумақтардың 60%-тен астамы 5G технологиясымен қамтылатын болады», – деді Мусин Digital Bridge форумының алаңында өткен брифингте.

Жоспар орындалса, керемет!👍🔥

3️⃣ Қазақстан құтқарушылары Ауғанстандағы жұмыстарды аяқтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға жіберілген қазақстандық 45 құтқарушы елге оралуға дайындалуда.

«Бөлінген учаскедегі іздестіру-құтқару жұмыстарының толық көлемінің аяқталуына байланысты жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін жіберілген қазақстандық құтқарушылар жасағын қайтару шешімі қабылданды», – делігне Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратында.

Мәлім етілгендей, Ауғанстанда құтқару жұмыстары басталғаннан бері Қазақстан құтқарушылары қаза тапқан 1 баланың денесін алып шықты, жергілікті 80 тұрғынға медициналық көмек көрсетті, 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеді, Наиброфи елді мекеніндегі қираған 700 үйдің учаскесін тексеріп шықты.

«Сонымен қатар құтқарушылар қатты шаңды дауылдан қираған шатырлы қаланы тексерді. Жергілікті биліктің өтініші бойынша қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлердің жедел тобы дипломатиялық корпус өкілдерімен бірлесіп 9 шатырлы қалашықтың орналасу орындарын тексерді», – деп нақтылады министрліктен.

Еліміз аман болсын!🙌🏻