Малика Зиядан, Рита Бәкішова, Канело. 25-ші маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 25 Маусым, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз! 📌

1️⃣ Жеті жастағы Малика Зиядин шахматтан әлем чемпионы атанды.

10-19 маусым аралығында Панама астанасында шахматтан оқушылар арасындағы әлем чемпионаты өтті.

Ол Жансай Әбдімәлік атындағы шахмат академиясында білім алып жатыр. Жас шахматшы бірден екі атақты жеңіп алды. Біріншісі – чемпион, екіншісі- жеті жасқа дейінгі шахматтан әлем чемпионы. Мұндай жағдай Қазақстан шахмат тарихында алғаш рет болып отыр.

Жансая Әбдімәліктің академиясында білім алып жатқан жас шахматшы екен!😍👍

Құттықтаймыз!👏🏻

2️⃣ Ал қазақстандық таеквондошы Рита Бәкішева Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Спортшы турнирдің екінші айналымынан бастап, Кувейт спортшысынан 2:0 есебімен басым түсті. Осылайша ол жартылай финалға өтті. Алайда мұнда таиландтық қарсыласынан жеңіліп, қола медаль иегері атанды.

Жеңістеріміз көп болсын!🔥

3️⃣ Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» трилогия алдында көз арбасты. Боксшылар бір-біріне бір минуттан аса жалтармай қарап тұрды.

Олар алғаш рет 2018 жылдың қыркүйегінде кездескен еді. Осылайша Головкин мен Канело Лос-Анджелесте өткен баспасөз конференциясына қатысып, көз арбасты. Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте екінші орта салмақта өтеді.

Бұл жолф жеңіс кімге бұйырады деп ойлайсың?🤔