Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды.
Үкіметке «Жұмысшы мамандықтар» жылын атап өту бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.
Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелді.
«Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді», — делінген Ақорда хабарламасында.
Тамаша!👍
2️⃣ Полиция тұрғындарға аяз ата мен ақшақар шақырғанда сақ болуды ескертті
Астана полиция департаменті жаңа жыл мерекесі қарсаңында азаматтарды мұқият және қырағы болуға шақырды.
Құқық бұзушылық пен ұрлық-қарлықтың алдын алу мақсатында полиция қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын күшейтті. Сауда орындары, азық-түлік және гүл дүкендерінде, ломбардтарда, зергерлік дүкендер мен ақша айырбастау пунктерінде, жанар-жағармай құю бекеттері мен шағын кредиттік ұйымдарда рейд жүрді.
«Сонымен қатар шағын және орта бизнес объектілерінің жанында патрульдеу ұйымдастырылды, — делінген хабарламада.
Осы орайда тәртіп сақшылары жаңа жыл қарсаңында теріс пиғылды адамдар мерекелік кейіпке еніп алаяқтық жасауы мүмкіндігін айтып отыр.
«Сол себепті бейтаныс жандармен байланысқанда, әсіресе аяз ата мен ақшақар кейпіндегі әртістерді жалдағанда қырағылық танытуға шақырамыз», — дейді полиция департаментінен.
Абай болыңыздар! Олар мерекелік кейіпке еніп, алаяқтық жасауы мүмкін екен📍
3️⃣ Енді АӘК тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың медиандық кірісінен белгілі болады
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың медиандық кірісі бойынша анықталатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлімдеді.
Министрліктің мәліметінше, Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп, Отбасының цифрлық картасы деректеріне сүйене отырып, тоқсан сайын медиандық кіріске қатысты есептеулер жүргізілді. Осы есептеулерге сәйкес, кедейлік шегі медиандық кірістің 35%-ы деңгейінде, бірақ өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен емес көрсеткіште бекітілген. Бұл әдіс атаулы әлеуметтік көмек көлемінің төмендеуіне жол бермейді. Сонымен бірге, АӘК алушылар саны 755 отбасына немесе 3,8 мың адамға артуы мүмкін деген болжам бар.
Сонымен қатар, 2025 жылы учаскелік комиссиялардың қызметін цифрландыру жоспарлануда. Бұл комиссиялар отбасылардың материалдық жағдайын зерттеп, АӘК алу қажеттілігі туралы шешім шығарады. Осы мақсатта FSM Social мобильді қосымшасы әзірленді. Бұл қосымша өтініш берушінің нақты орналасқан жерін анықтайды, жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді және зерттеу мен шешім қабылдау кезіндегі формализмді болдырмайды.
FSM Social қосымшасы пилоттық режимде Алматы облысының Қонаев қаласында сынақтан өткізілді. Енді 2025 жылдың қаңтарынан бастап оны ел көлемінде енгізу көзделіп отыр.
АӘК алу үшін жаңа талаптар енгізілді📌
#президент #Жұмысшы мамандықтарының жылы #2025 #аязата #ақшақар #АӘК