Марат Бақтиярұлы, Балбырауын күйі, Абай ескерткіші. 2-ші маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 02 Маусым, 2022


Кеш жарық, көзі қырақты қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз.🔥

1️⃣ Депутат Марат Бақтиярұлы үштілді оқыту жүйесін тоқтатуды талап етті.

Ол ойлау жүйесі әлі толық қалыптаспаған балабақша және бірінші сынып оқушыларына бірден үш тілді оқытудың дұрыс емес екенін жеткізді.

Депутаттың ойымен келісесің бе?🤔

2️⃣ Түркістан облысында 1500 оқушы «Балбырауын» күйін орындады.

Облыстың өнерлі балалары «Dombyra Party» флеш-мобына қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Видеосын тамашалай алдың ба? 😍

3️⃣ Үндістан астанасы Нью-Делиде Абай ескерткіші ашылды.

Ол Сан Мартин Парк скверінде орналасқан.