Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️
1️⃣ Қазақстандық ЖОО-ларда оқу ақысы қымбаттауы мүмкін.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Қазақстанда ЖОО-да инфляцияға байланысты оқу ақысы қымбаттауы мүмкін екенін айтты.
«Жыл сайын жоғары оқу орындарынан шығындарды көтермеуді сұраймыз, бірақ сонымен бірге нарықтағы бағаның өзгеруіне, инфляцияға байланысты жыл сайынғы тәжірибе университеттер оқу құнын инфляция көрсеткіштерімен түзетеді. Мәселен, былтыр инфляция 14 пайызды құраса, кейбір университеттер плюс немесе минус 14 пайызға өсті (білім беру құны. — Ескерту ред.). Бұл түзету — заңдылық. Бірақ, біз университеттерді оқу құнын бірден көтермеуге үгіттейміз. Бірақ экономикалық жағдай басқаша. Барлығы қымбаттайды. Инфляция шегінде түзетулер мүмкін», — деді Ерғалиев.
Оның айтуынша, әр университеттің өзіндік құны бар, орташа көрсеткіш жылына 300-400 мың теңге шамасында. Бірақ кейбір жоғары оқу орындарында бір жылдық оқу ақысы 500-600 мың теңге тұрады.
Инфляцияға байланысты осындай өзгеріс орын алуы мүмкін.🤔
2️⃣ Министрлік жастарға 5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген микрокредит беру туралы қағиданы бекітті.
Бұл бағдарлама 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жүзеге асады.
Кредит кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21-ден 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурстық негізде беріледі.
Жылдық сыйақы мөлшері 2,5%-дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін және ол үшін кепілдің болуы міндетті.
Микрокредиттерді кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.
Қазіргі уақытта министрлік жергілікті атқарушы органдармен кредиттік шарттар және «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-мен жергілікті атқарушы органдардың тапсырма шартын жасап жатыр. Сондай-ақ кредит алғысы келетіндердің бизнес-жобаларын қарайтын өңірлік комиссиялар құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Микрокредит алуға өтінімдерді қабылдау уақыты және өтініш беретін кеңселердің мекенжайы туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.
📌 Бұл 21-ден 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурстық негізде беріледі.
3️⃣ Қостанайлықтар McDonald’s ғимаратына гүл шоқтарын қойды.
«Наш Костанай» порталының хабарлауынша, қала тұрғындары мейрамхана алдына гүл шоқтарын әкеліп қойған. Олар аталмыш жаңалыққа осындай реакция көрсетіп жатыр. Алайда мейрамханаға әкелінген гүл шоқтары тез алып тасталған.
Айта кетейік, Қазақстанда McDonald’s брендінің мейрамханалары жұмысын тоқтатқан болатын. Бұл туралы компанияның ресми парақшасында жарияланды.
McDonald’s-тің жабылуы көпшіліктің көңіл күйін түсірген сияқты.😯