McDonald’s, Универсиада, Егде адам.23 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 23 Қаңтар, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Әлемнің ең егде жастағы тұрғыны 115 жасқа толды.

118 жастағы Француз монахы Андре қайтыс болғаннан кейін (Люсиль Рэндон), планетаның ең жасы үлкен тұрғыны испаниялық Мария Браньяс Морера болды. Бұл туралы
Гиннесс рекордтар кітабының веб-сайты мәлімдеді.

Бүгін Марияға – 115 жас және 325 күн, деп хабарлайды «МИР 24» телеарнасы.
Мария Браньяс Морера ата-анасы АҚШ-қа қоныс аударғаннан кейін бір жыл өткен соң, 1907 жылы 4 наурызда Калифорния штатының Сан-Франциско қаласында дүниеге келген.

Алайда қарт әжеміз қарттар үйінде екен😓

2️⃣ Алматыда бұрынғы McDonald’s мейрамханалары ашылды.

Бұрын McDonald’s брендімен жұмыс істеген Food Solutions KZ-тің кейбір мейрамханалары жұмысын қайта бастағанын хабарлады.

Жылдам тамақтануға арналған дәмханаларды ашу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бастапқы кезеңде Алматыдағы 13 мейрамхананың бесеуі жұмыс істейді.

Алматыдағы ашық дәмханалар

1.Алатау, Төле би көшесі, 41 (Қонаев көшесінің бұрышы);

2.MEGA Alma -ata, Розыбакиева көшесі, 247А;

3.Байқоңыр, Мұстафина көшесі, 5А;

4.Бұқар жырау, Минин көшесі, 14/1 (Бұқар жырау – Байтұрсынов);

5.Динамо, Шевченко көшесі, 85 A (Сейфуллин даңғылының қиылысында).

Нысандар жабылған уақытта жұмыс істеген мейрамханалардың барлық қызметкердің жұмыс орны, жалақылары және басқа да жұмыс жағдайлары толығымен сақталады.

McDonald’s-ті сүйер қауым қуанып жатқан болар😍👍

3️⃣ Универсиада – 2023: Қазақстандық шаңғышы қыз қола алды.

2023 жылғы қысқы Универсиадада қазақстандық шаңғышы қыз Ксения Шалыгина үшінші орынға ие болды.

Ол 15 шақырымдық еркін стильдегі масс-стартта қола жүлде алды.
Шаңғы жарысынан Қазақстан атынан алты адам қатысқан болатын, бірақ тек Ксения Шалыгина нәтиже көрсетті.
Эстониялық шаңғышы Мариэль Пуллес Универсиада чемпионы болды. Ал америкалық Кендалл Крамер Ксенияны +0.4 секундқа озып, күміс жүлдеге ие болды.

Қоржында тағы бір медаль🔥