MediaCAMP Fest ,Спорт, Музыкалық шоу. 7-ші қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 07 Қазан, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Спортқа байланысты жаңалықтар топ жарды. Атап айтатын болсақ, Қазақстан құрамасы өрт-сөндіру құтқару спорты бойынша Әлем чемпионатында өнер көрсетті.

29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында ерлер арасында өрт-сөндіру құтқару спортынан XVII Әлем Чемпионатының және өрт-сөндіру құтқару спортынан әйелдер арасында VІII Әлем чемпионаты өтті.
Әділ күресте 11 ұлттық ерлер командаларының құрамасы және 4 ұлттық әйелдер командаларының құрамасы  жарысты.

Қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігінің арқасында Қазақстан әйелдер құрамасы жауынгерлік өрістетуден әлем чемпионы атанды. Жауынгерлік өрістету барысында спортшылар жауынгерлік жағдайда тез және дұрыс әрекет ету қабілетін көрсетті: мото-сорғыны қосу, өрт жеңдерін созу және нысанаға су ағынымен кіру. Біздің қыздар тапсырманы небәрі 27,16 секундта орындады.

Өрт сөндіруші-құтқарушылар шабуыл сатысымен көтерілуден, 100 метрлік кедергілер жолағынан өтуден, жауынгерлік қанат жаюдан және 4-тен 100 метрге дейінгі өрт эстафетасынан жарысты.

Ал Ташкент қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова қола жүлдегер атанды.

Құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ 25 қазан Астанада Máńgilik El Daýysy ұлттық музыкалық шоуы өтеді. Мұнда бір сахнада Қазақстанның үздік әртістері бүкіл елдің сүйікті әндерін орындайды.

Шоу Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Республика күніне орай ұйымдастырылып жатыр. Ақпараттық қолдаушы – Alash Media Group холдингі.
Барша қазақстандықты біріктіріп, сахнаның үздік әртістері мен көрермен арасындағы шекараны өшіретін шоу – еліміздің басты мерекесі 25 қазан күні сағат 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Шоуға барып, көңіл көтеріп қайт!😍😍😍

3️⃣ 8-10 қазан аралығында Алматыда Internews командасы ұйымдастырған төртінші MediaCAMP Fest өтеді.

Үш күн бойы панельдік пікірталастар, шеберлік сабақтары, SnapTalk, топтық жұмыс ұйымдастырылады.

MediaCAMP Fest-тің бірінші күнінде қатысушылар SnapTalk баяндамаларын тыңдап, интерактивті ойындар ойнап, шеберлік сабақтарына қатыса алады.

Екінші күн аймақтағы трендтер мен әлемдегі инновацияларға арналады.

Шара соңында 10 қазан MediaCAMP жеңімпаздары марапатталады.

Сен де қатысып көр!👍