Мейірім Нұрсұлтанов, Елена Рыбакина, Димаш Құдайберген. 12-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 12 июля, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов әлемдік рейтингте оныншы орыннан сегізінші орынға көтерілді.✊🏻

Ол өткен айда аргентиналық Себастьян Орасио Папескиді нокаутпен жеңген болатын.

Дүниежүзілік бокс кеңесі жаңартылған рейтингті ұсынды. Бұл нұсқа бойынша

WBC International чемпионы Жан Кособуцкий 15-ші орыннан 12-ші орынға көтерілді, ал WBC Youth чемпионы Талғат Шайкин 32 орынға табан тіреді.

Әлемдік деңгейде топ жара берейік! 👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ Әлихан Смайылов Елена Рыбакинаға «Достық» орденін табыстады

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Елена Рыбакинамен кездесіп,
президенттің жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін берілген II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Барлық қазақстандық сіздің әлемнің ең атақты теннисшілерімен сайыстарыңызды бақылап отырды. Үлкен дулыға турнирінде жеңіске жетіп, отандастарымыздың үмітін ақтадыңыз, сондай-ақ Қазақстанда теннисті дәріптеуге баға жетпес үлес қостыңыз. Сіздің жеңісіңіз жас спортшыларды ынталандыра түседі деп сенемін», – деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Еленаны жаңа орденімен құттықтаймыз!💐💐💐

3️⃣ Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің фан-клубы Бразилияда су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетті.🙌🏻

Олар маусым айында қайырымдылық акциясын бастаған еді. Осылайша бір аптада 130 500 теңге жиналды. Енді олар Бразилия тұрғындарына азық-түлік пен қажетті құралдарын сатып алып береді.

Димаштың жанкүйерлері жарады👍