Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️
1️⃣ 72 жастағы марафоншы Сәрсенбай Қотырашев Ақтауға жаяу жетті.
«Хабар 24» телеарнасының хабарлауынша, Ұлытау өңірінің тумасы аймақтарға сапарын биыл 31 наурызда бастаған. Ақтауға 7 айда жетті. Шағын арба жетектеген атайды жолда кездескендер жапатармағай фотоға түсіріп, сәт сапар тілеген сәтін ғаламтордан көруге болады. Суық жел, аптап ыстыққа қарамастан мұратына жеткен қария туған жеріне ұшақпен оралады.
Ақтауға аман-есен жеткен қарт күніне 40 шақырым жүрген. Осылайша, Ұлытаудан Маңғыстауға дейін 8 мың шақырымды жаяу еңсерген.
«Ешқандай да қиындық болған жоқ. Алланың берген қуатының арқасында. Одан да биік өткелдерден өткем. Көмек көрсетейін деген адамдар көп, мен олардан бас тарттым. Себебі жаяу жүремін деп шарт қойғам өзіме», — дейді жиһанкез Сәрсенбай Қотырашев.
Кешке мезгілде елді мекенге жете алмаса Сәрсенбай атай далада қонған. Шатыры, жылы киімдері мен тамақ-сусыны шағын арбаға тиелген. Жолаушы жүгінің салмағы 60 келідей. Сыртынан балмұздақ сатушы деп ойлаған адамдарды жолда жиі көргенін айтады.
«Мен осы кісіні желіден көріп, жасым білдім. 72-де. 10 жас менен үлкен былай қарағанда. Сосын мен осы жылдан бастап теңіз жағасына келіп, салқын суға түсетін болдым. Тек маған емес, бүкіл елге мотиватор кісі ол», — дейді қала тұрғыны Анастасия Бертілеуова.
Керемет! Күш-қуаты сарқылмасын!👍🔥
2️⃣ Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) проф рингте кезекті жеңісіне қол жеткізіп, WBO International титулын қорғады.
Жерлесіміз Люблиндегі (Польша) бокс кешінде өнер көрсетіп, аргентиналық Марсело Косереспен (31-5-1, 17 КО) кездесті.
Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Құттықтаймыз!✊🏻✊🏻✊🏻
3️⃣ Қазақстандық гимнастшылар Нариман Құрбанов пен Милад Карими Венгрияда екі медаль жеңіп алды.
Мейірім Нұрсұлтановтың рекорды — 18 жеңіс әрі шаршы алаңда бір де бір рет жеңіліп көрмеген. Барлық жекпе-жектің 10-ын ол нокаутпен аяқтаған.
Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстандық гимнастшылар Сомбатхейде (Венгрия) өткен Әлемдік шақыру кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алды» деп хабарлады Олимпиада комитетінен.
Белдеудегі жаттығулары бойынша Нариман Құрбанов үздік атанды. Еркін жаттығуларда Милад Карими күміске қол жеткізді.
Алар асулары көп болсын!💐💐💐