Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Алматының мемлекеттік мектептері бір ауысымды оқытуға көшеді.
Өзгеріс 2026 жылдан бастап жүзеге асады. Бұл туралы Ерболат Досаев мәлімдеді.
Әуімнің йтуынша, алдағы екі жылда 14,4 мың орындық 19 жеке ұйым ашу жоспарда бар.
Осы жағдайларды ескере отырып, 2026 жылдан бастап мемлекеттік мектептердің бір бөлігін бір ауысымдық оқытуға ауыстыруды біртіндеп бастайтынын атап өтті.
Бұл өзгеріске қалай қарайсыз?🤔
2️⃣ Қазақстанда Kia зауыты салынады.
Бұл жайлы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ТМД елдеріндегі Kia корпорациясының президенті Санг Гвон Джонгпен кездесті.
Кездесу барысында елімізде «Kia Qazaqstan» бірлескен кәсіпорнын құру туралы құрылтай құжаттарына қол қойылды. Жаңа зауыт Қостанай қаласында салынады. Инвесторлар жобаға 90 млрд теңге құяды.
«Қазақстанда Kia зауытын құру туралы шешім республика президенті мен үкіметінің жоғары деңгейде назар аударуының арқасында қабылданды. Біз өз тарапымыздан бар күш-жігерімізді саламыз және алғашқы қадам ретінде құрылысты осы жылдың қазан айында бастаймыз. Жалпы Kia-ның шетелдегі мұндай ынтымақтастығы әлемде теңдесі жоқ екенін атап өткім келеді», – деді Санг Гвон Джонг.
Жаңа Kia зауытында өндірістің толық кезеңі 2025 жылы ашылмақ. Оның өндірістік алаңы 85 мың шаршы метрден асады, 1500-ге жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.
Айта кетері, зауыт құрылысының жоспарын инвесторлар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай қаласында брендтің шағын өндірісін іске қосу сапары кезінде алғаш рет айтқан болатын. Өнеркәсіптік ынтымақтастық жобасы Қазақстан-Кореяның екіжақты экономикалық ынтымақтастығының жарқын үлгісіне айналды, деп атап өтті үкіметтегілер.
Өткен жылдың соңында екі ел арасындағы тауар айналымы 6 млрд доллардан асса, Кореядан Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестиция 1,5 млрд долларға жетті, бұл – экономикалық қатынастардың бүкіл тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
3️⃣ 2023 жылғы түлектер 1 қыркүйектен бастап білім грантын жұмыспен өтеу керек.
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылғы түлектерге 1 қыркүйектен кешіктірмей білім грантын жұмыспен өтеу керектігін еске салды.
Оқу жылы аяқталғаннан кейін 2023 жылғы 1 қыркүйектен кешіктірмей мамандық бойынша білім грантын жұмыспен өтеуді бастау қажет.
Жұмысқа орналасқаннан кейін жұмыс орнынан анықтаманы сіздің ЖОО-ға жетекшілік ететін Қаржы орталығы маманының электрондық мекенжайына жіберу қажет.
Төмендегі WhatsApp нөмірлерінің біріне жаза отырып, сіз өзіңіздің жұмыс орныңыздың мамандық бойынша сәйкестігін анықтай аласыз, сонымен қатар жұмыс орнынан анықтама жіберу үшін жетекшілік ететін маманның электронды поштасын біле аласыз.
Кеңес алу үшін WhatsApp:
+7 705 296 5008
+7 702 946 1537
+7 708 212 88 69
+7 707 727 4728
+7 776 173 0352
+7 747 801 2713
+7 775 365 9478
+7 775 677 0435
+7 747 456 21 51
+7 771 982 4563
+7 705 594 70 63
+7 747 540 8021
+7 747 714 7050
+7 777 501 0088
+7 747 250 6383
+7 705 102 34 16
Ал сіз жұмысқа орналасып үлгердіңіз бе?📌