Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Түркістан облысында Қасым, Жомарт, Кемел есімді үшемдүниеге келді
Түркістан облысының Келес ауданына қарасты Абай ауылының 33 жастағы тұрғыны 7 қыздан кейін үшем босанып, 10 баланың анасы атанды.
Көптен күткен ұлдарына Қасым, Жомарт есімдері, қызына Кемел есімі берілген. Түркістан облысында өмірге келген үшем бүгін отбасымен қауышты.
Гүлназ Мыңжасар мерзімінен бұрын – жүктіліктің 33-аптасында босанған. Кейбір қарсы көрсеткіштерге байланысты көпбалалы анаға операция жасалған. Әкесі Бахыт Мыңжасар құрылыста жұмыс істейді. Ал анасы жұмыссыз. Балалардың атын анасы қойған. Үшем шала туған, балалардың салмағы 2000 грамм шамасында болған.
“Ота жасаған және жалпы №1 Перинаталдық орталығының акушерлік блогына үлкен алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қаматамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Есімдерін Президентіміз сияқты үлкен азамат болсын деген ырыммен Қасым, Жомарт, Кемел деп қойдық”, – деді үшемнің анасы.
Нәрестелердің салмағы – 1 келі 965 грамм, 1 келі 925 грамм және 1 келі 975 грамм. Үшемнің ата-анасының 7 қызы бар. Қазіргі уақытта қыздары інілері мен сіңлісімен қауышатын күнді асыға күтуде. Сәбилердің ата-анасы №1 Перинаталдық орталығының дәрігерлеріне алғыстарын білдірді.
Керемет! Абыройлы болғай🤲🏻😍
2️⃣ Димаш Құдайберген қытайлық музыкалық шоуда “Алтын әуен” сыйлығын жеңіп алды
Шоуда Димаш қытайлық әнші Хуан Сяоюнмен бірге “Red Moon Rules” әнін орындап, көрермендер мен қазылардың алқауына бөленді.
Қала берді Димаш Құдайберген тағы бір қытайлық танымал әнші Гон Линнамен бірге “Become a Poet” әнін шырқады.
Бағдарлама соңында, Димаштың орындауындағы “Become a Poet” әні алтыншы маусым алтыншы кезеңінің “Алтын әуені” сыйлығын жеңіп алды.
Құтты болсын!🔥
3️⃣ Елімізде бес жылда 63 өнер мектебі бой көтереді
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оның ішінде 2023 жылы 9 оқушылар сарайы, 2024 жылы — 13, 2025 жылы — 20, 2026 жылы — 24, 2027 жылы — 34 нысан пайдалануға беріледі.
Құрылыс балаларға арналған өнер және шығармашылық саласында білім берудің қолжетімділігі әрі сапасын арттыруға баса назар аудара отырып, кезең-кезеңімен жүргізіледі, – деп толықтырды ведомство.
Бұл нысандар оқушылар мен жас таланттарды дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынып, мәдени және білім беру кеңістігін кеңейтеді.
Өнерлі балалар көбейетін болды👍